Қазақтың

Қазақтың "Ұлытауы" ән салады

Жаңа 2014 жылы Қазақстан шоу-бизнесінде бірнеше өзгерістің болары анық. Алғашқы жаңалықтар жарияланып та үлгерді.

Қазақстандық "Ұлытау" этно-рок тобының ғұмырында жаңа шығармашылық кезең басталмақ. «Ұлытау» тобы ендігі аспапты сүйемелдеумен шектелмей, үш тілде ән салуды да мақсат етіп отыр. Таяуда Қыдырәлі Болманов бастаған ұжым алғашқы вокалдық альбомдарын да жарыққа шығармақшы. Альбом үштілді болады, ал композициялар «Ұлытау» тобының стилінде өңделеді деп жоспарланып отыр. 

Топтың продюсері әрі негізін қалаушы Қыдырәлі Нұртайұлының айтуынша, топ рок пен эстраданың 70 әлемдік хиті енетін жаңа концерттік бағдарлама бойынша жұмыс жасап жатыр екен. Бұл компазициялардың біршамасы жаңа альбомға енетін болады.

Тосын сыйлар мұнымен біткен жоқ. Сәтті продюсер тіпті «Ұлытаудың» құрамы өзгеретіндігін де жасырып қалмаған. 2001 жылдан бері тек аспапты музыканы ұсынып келген олар, алдағы уақытта өз қатарларына бірнеше тілде ән салатын орындаушыны қосатын көрінеді. Алайда, Қыдырәлі Болманов әншінің кім болатындығын құпияда ұстап отыр. Бір анығы – әншінің қыз баласы болатындығы.

«Грэмми» жүлдесін жеңіп алғым келеді деп бірнеше жыл бойы айтып келемін, және «Ұлытау» мұндай белесті бағындыра алатынына сенімдімін: біз - әлемдік шоу-бизнестің барлық ережелеріне сай құрылған жалғыз қазақстандық топпыз. Менің ойымша, 2017 жылға дейін біз «Грэммиді» ұтамыз», - деп Қыдырәлі Болман сенімді мәлімдеді.

Қыдырәлі Болманның өзі де бірнеше альбом жазып шықпақшы. Олардың бірі «АБК» тобының хиттерінің ремиксінен құралған күйтабақ. «Мен тобымыздың ең танымал әндерін «Ұлытаудың» сүйемелдеуімен және жаңа өңдеуде орындап шықпақпын», - дейді продюсер.

Қазақтың "Ұлытауы" әлемдік нарықты жаулауды тоқтатпайды. Өткен жылдың соңында Түркия жерінде концерттерін өткізген ұжым алдағы уақытта Еуропа елдерінде, АҚШ-тың бірнеше штатында жеке концерттерін өткізетін болады.

Ал біз өз тарапымыздан отандастарымызға қанаттарың талмасын дегіміз келеді.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: art.gazeta.kz, ukgcity.net, thenews.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді