Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Мәдина Сәдуақасова режиссерге тұрмысқа шықты

Мәдина Сәдуақасова режиссерге тұрмысқа шықты

Мәдина Сәдуақасова режиссерге тұрмысқа шықты

Әнші Мәдина Сәдуақасова Ел арнадағы "Жарайсың" бағдарламасының режиссері Олжас Смағұловпен отау құрды. Бұл туралы кеше "Жарайсың" бағдарламасының продюсері Асхат Садырбай өзінің туиттердегі парақшасында "Ел арнаның" директоры Серік Аббас-Шахтың фэйсбуктегі жазбасына сілтеме жасай отырып мәлімдеді. 

Мәлімдемесімен қатар Асхат Садырбай мыңдаған жігіттің арманына айналған сұлуды қолына қондырған серінің суретін де жариялады.

Асхат Садырбайдың туиттердегі парақшасынан алынған сурет. Суретте: Олжас пен Мәдина 

Бұл хабарды Мәдинаның өнердегі құрбысы айтыскер Айнұр Тұрсынбаева да өз оқырмандарына жеткізді. "Мәдина құрбымызды ақ босаға аттап, отау тіккен қуанышымен құттықтаймын!", – деп жазды ол өзінің туиттердегі парақшасына. 

Жағымды жаңалықты нақтылау үшін Мәдинаға хабарласқанымызда әншінің администраторы әзірге ештеңе деп жауап бере алмайтынын айтқанымен, жаңалықты жоққа шығармады. "Той әлі болмады. Бірақ болуы мүмкін", – деп қысқа қайырды ол. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 2006 жылы Мәдина Сәдуақасова Президент оркестрінде жүргенде танысқан офицер-лейтенантқа тұрмысқа шығып, дәм-тұзы жараспай ажырасқан болатын. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Басты сурет: vk.com

16627 24
Рейтинг: +9

Қосылған күні: 09 қаңтар 2014, 09:49
Пікірлер
+0
09 қаңтар 2014, 10:02

Шын қуаныштымын! мансаптың дәмін татты ғой, енді әйел бақытын жазсын!

+0
09 қаңтар 2014, 10:11

ЕЕЕ бақытты болсын, не дейміз басқа. Басынан бағы таймасын

+0
09 қаңтар 2014, 10:17

Олжас деген есім маған бұрыннан ұнайтын. Бақытты болсын! Мәдина бақытқа толық лайық! :evil:

+0
09 қаңтар 2014, 10:20

Айтпақшы Мәдинаны қазақтың Анджелина Джолиі деуге болады :lol:

+0
09 қаңтар 2014, 11:09

Олжас пен Мәдинаны шын жүректен құттықтап, бақыт тілеймін! Айтарым "ешкімнің сөзін тыңдамаңыздар, олар айта береді") :evil:

+0
09 қаңтар 2014, 11:39

Мадинаға шын жүректен бақыт тілеймін!

+0
09 қаңтар 2014, 12:45

Бақытты болсын!

+0
09 қаңтар 2014, 12:53

Ах, Мәднә..!

+0
09 қаңтар 2014, 13:39

Қуыныштымын өте өте!!!

+0
09 қаңтар 2014, 14:24

Ол бурын куйеуге тиген еди гой

+0
09 қаңтар 2014, 14:33

Бақытты болсын!!! Қуаныштымын!

+0
09 қаңтар 2014, 14:45

Бақытты болсынннН!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

+0
09 қаңтар 2014, 15:27

Бақытты болғай))

+0
09 қаңтар 2014, 15:44

Қуанышты жаңалық қой бұл деген! Мадинаға асыл жар, ардақты ана болу бақытын нәсіп етсін!

+0
09 қаңтар 2014, 21:32

Бақытты болсын!!!

+0
09 қаңтар 2014, 22:15

Бақытты болсынн :D

+0
10 қаңтар 2014, 00:11

әндерін жақсы көремін :evil:

+0
10 қаңтар 2014, 12:03

Фигура қандай, пах шіркін, деп бір өсектеп жіберейік)))

+0
10 қаңтар 2014, 12:07

:geek: ауыздан авария болып қалмаңыз Ардақ мырза :|

+0
10 қаңтар 2014, 12:07

Ауыздан автокатастрофа болма дейсің ғо? :cry:

+0
10 қаңтар 2014, 12:08

ақырыыыын, Анар етіп қоймасын :geek: :geek:

+0
10 қаңтар 2014, 12:10

Бақытты болсын

+0
11 қаңтар 2014, 22:32

Басқа жұрт өсектеп жатыр әбден өсектеп жатыр. Ал менiң массагеттiктерiм жай ғана бақыт тілейді де, бооолды отыра бередi. Осылай ;) дұрыс

+0
13 қаңтар 2014, 03:04

мммм керемет дурыс болған екен :) :) :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...