Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Кеш мені" - ұлы сезімнен туған ән

"Кеш мені" - ұлы сезімнен туған ән

«Жігіттер» квартетінен бөлініп шыққан бойда Еркін Нұржанов жеке әнші ретінде тыңдарман қауыммен «Кеш мені» әнімен қауышады. Жарыққа шыға салысымен «Кеш мені» әні қарапайым тыңдарманның жүрегінен орын алып, кеңінен танылып, алғашқы бейнебаянын түсірді.

Әннің танымал болып, жылы қабылдануы әншіге, сазгерге, ақынға байланысты. Әсем әннің әуені мен сөзінің авторы белгілі сазгер Жарылқасын Дәулетов. Сазгердің айтуы бойынша, «Кеш мені» әні Шымкент қаласында дүниеге келген. Түнгі сағат он екі шамасында сазгер ән жазуға кіріседі. Өзін мына жалғанда жалғыз қалған жандай сезінеді. Әуелі әнін, кейін сөзін жазады. Таң сәріде ән дайын болады. Сазгер өзі айтып көріп, кейін әнші інісіне апарып береді. Алайда, ол әнді жүрегіне салып айта алмады. Күндердің күнінде сазгер ағасынан ән сұрап әнші Еркін Нұржанов келеді. Жаңа ән ұсынылған бойда, ол әншінің көңілінен шығып, оны өңдеу жұмыстары басталып кетеді. Кейін бейнебаян түсіріледі. Әншінің айтуы бойынша, бейнебаян қыз балалардың намысы мен ар-ожданын қорғайды. Себебі, қыздар махаббаты үшін ұлылыққа барады. Әншінің жеке өміріне еш қатысы болмаса да, Еркін Нұржанов әнді шебер орындап шықты. Жарыққа шыққан бойда ән халық арасына кеңінен тарап кетіп, жылы қабылданды.

«Кеш мені» - ұлы сезімнен туған ән. Махаббат лирикасы жанрында жазылған ерекше әндердің бірі. Астарында терең ой, тылсым сыр жатқандай. Нәзік сезім бе, әлде ұлы махаббат па белгісіз, бірақ та әсерлі ән жүректі бір сыздатқан әсерлі оқиғадан туғаны хақ. Ал сазгер болса, әннің өміріне қаншалықты қатысы бар екені туралы ешкімге тіс жармайды. Бәлкім, сазгер ұлы сезімді бастан кешірмесе, мұндай ғажап ән дүниеге келмес те еді. Қалай болғанда да, бізге беймәлім оқиға кейіпкерлері бір-бірін кешірді деп сенейік.

Еркін Нұржановтың репертуарындағы «Кеш мені» әнінің сөздері құдды бір мәтелге айналғандай. Әсіресе, кейбір сөздер жастар арасында күнделікті өмірде кеңінен қолданылып жүр. Бұл ән арқылы ренжіген талай жандар бір-бірінен кешірім сұрайтын көрінеді.

Кеш мені

Әні мен сөзін жазған: Жарылқасын Дәулетов

Орындайтын: Еркін Нұржанов

Сүрінген құлагер ем, жылаған жаным қоса, 
Алдыңда тұра берем, не керек бәрін жаса. 
Жанымды қашқан жігер түйіп ап орамалға,
Тереңге тастап жібер, соңғы рет қарап ал да.

Өр кеуде жанды биік, көндіріп мазағыңа,
Жатайын мәңгі күйіп, сен тартқан азабыңда. 
Дүние кең шағында не кірді арамызға, 
Осынау жер шарында екеуміз ғанамыз ба? 

Бұрқанса байыпты күн дауылын шегерер ме? 
Алдыңда айыптымын, жаным-ау, сөге берме. 
Жарқ етсе сөнген ізгі ой, жойылар өкпе-нала,
Бәріміз пендеміз ғой, періште көкте ғана. 
Жарқ етсе сөнген ізгі ой жойылар өкпе-нала,
Баріміз пендеміз ғой, періште көкте ғана.
Қайда сол көктем кеші, балқитын күшімен бой 
Өтінем, кектенбеші, өкпеңді түсінем ғой...

Суреттер: mirtesen.kz

14940 5
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 17 сәуір 2012, 11:55
Пікірлер
+0
17 сәуір 2012, 12:54

Сүрінген құлагер ем, жылаған жаным қоса, (түсінісбестік, квартеттен шығып қалу, күйзеліс...)
Баріміз пендеміз ғой, періште көкте ғана. Өтінем, кектенбеші, өкпеңді түсінем ғой... (сонда да кешірім сұрап тұр...)
Өзімше анализ)

+0
17 сәуір 2012, 13:01

Құрметті құрметтілер! Жаңабай Өтегенов - Аяла әні жайлы бірер ауыз ақпарат жазып кетсеңіздер)

+0
17 сәуір 2012, 14:45

Аяла әні керемет ән ғой. Сол әні үшін Жаңабайға ғашық боп қалдым ))

+0
17 сәуір 2012, 13:10

Керемет ән...құлақпен көретін, көзбен еститін....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...