Рэпер Фаррелл Уильямс 24 сағаттық клип түсіріп шықты

Рэпер Фаррелл Уильямс 24 сағаттық клип түсіріп шықты

Америкалық әнші (рэпер) және композитор Фаррелл Уильямс ұзақтығы 24 сағат немесе бір тәулікке созылатын бейнебаян түсірді. «Happy» әніне түсірілген видео тарихтағы ең ұзаққа созылған бейнеклип болып отыр.

Көп сағатты бейнеклип «24 сағаттық бақыт» атты сайтта жарияланды. (24hoursofhappy.com)

Айта кетсек, «Happy» әнін Фаррель Уильямс «Гадкий я 2» мультфильміне саундтрек ретінде жазып шыққан болатын. Бұл композициядан бөлек мультикте әншінің «Desplicable Me», «Just a Cloud Away» және «Fun, Fun, Fun» сияқты әндері де орындалады.

Фаррелл Уильямс «Happy» әніне түсірілген жаңа бейнебаянның қысқа нұсқасын YouTube-ке жүктеп үлгерген. Рэпер аталған видеоға Facebook-тегі өз парақшасында «Бақыт - бұл шындық» деп сілтеме қойған екен.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: 101dj.ru

Б. Қосмағамбет