Жұлдызды жаңалықтар

Жұлдызды жаңалықтар

«Assyl» этнотобының құрамы өзгерді

Осы жылы бес жылдығын тойлайтын «Assyl» тобының әншісі, әрі қобызшысы Жұлдыз Мұсылманқұлова топтан кететінін жариялады. Ол шығармашылықтан үзіліс алып, бизнеспен шұғылдануды жөн көрген екен. Ал оның орнын соңғы кездері актерлік қырынан танылып жүрген Ақерке Бүркітбай басты.

Ақерке ең алғаш «Assyl» тобы құрылған сәтте-ақ мүше болуға шақырту алған. Алайда ол кезде консерваторияға енді түсіп жатқандықтан, оқуын бірінші орынға қойған екен. Ал кейін Жұлдыз кеткен соң, таңдау бір ауыздан Ақерке Бүркітбайға түсіпті.
Топтың жаңа мүшесіне қобызды да арнайы жасатқан. Продюсердің айтуынша қобыздың құны 15 мың долларға жуық және дәстүрлі Swarovski тастарымен безендірілген.

«Орда» тобы бейнебаян мен кіші күйтабақ дайындауда

Қараша айының ортасында «Орда» тобы «Жауап бер» әніне бейнеклип түсіруге кіріспек. Жақында бейнеклипке түсу үшін бишілер арасында кастинг жарияланған да болатын. Сонымен қатар, бейнеклипке Мақпал Исабекова, «Кешью» тобы, Ғалымжан Молданазар, Кәрім және Мұрат Мұтырғановтар мен басқа да шоу-бизнес өкілдері қатысады.
Бейнебаян 20-30 жылдар стилінде, яғни кабарэ мен джаздың дүркіреп тұрған заманына сәйкес түсірілетін болады. «Орда» тобы тыңдармандарына, сонымен қатар, кіші күйтабақ дайындап жатқандарын айтты. Күйтабаққа жаңа 6 ән кіретін болады.

Алуа Қонарова «Juniors» тобын «Новая Волна» байқауына қатыстырмақ

Алуа Қонарова дарынды төрт жігіттің басын құрып «Juniors» тобын қалың жұртқа жария еткелі көп бола қойған жоқ. Топ мүшелері Еркехан, Ерік, Ануар, Аңсат Алматы эстрада-цирк өнері колледжінің студенттері. Топ құрылғалы бері жұртшылыққа «Айналайын» бейнеклиптерін ұсынып үлгерді. Ал болашақта Алуа Қонарова жігіттерді «Новая Волна» халықаралық байқауына қатыстырмақ ниетте.

Сурет: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina