"Орда" кастинг жариялайды!

"Орда" кастинг жариялайды!

Танымал қазақстандық «Орда» тобы жаңа бейнебаян түсірудің қамында жүр. Топ ұжымы осыған орай «Жауап бер!» әніне жоспарланып отырған жаңа бейнебаянның түсіріліміне кастинг жариялайды.

Егер сіз «Орда» тобының жанкүйері болсаңыз, камерада өзіңізді еркін ұстай алатын болсаңыз, өзіңізді қандай образға да сай келемін деп ойласаңыз және сізге шапшаң ритмдер ұнайтын болса, онда сүйікті тобыңыздың жаңа жобасынан қапы қалып қоймаңыз!

Осы сынақтан сүрінбей өтіп бейнебаянның жұлдызы атансаңыз, қазақстандық шоу-бизнес жолындағы алдағы шығармашылығыңыз алға баспақ.

Бейнебаянның түсіріліміне мынадай өнер жұлдыздары да қатысады:

Мақпал Исабекова,

«Кешью» тобы,

Ғалымжан Молданазар,

Кәрім мен Мұрат Мұтырғановтар,

Адам «Сито» және тағы да басқа қазақстандық өнер жұлдыздары.

Бейнебаян Америка тынысымен шамамен жиырмасыншы және отызыншы жылдар кезеңі бойынша түсірілмек. Жақын арада отандық «Орда» тобының шығармашылық бірлестігімен «Чикаго», «Ұлы Гэтсби» және «Титаник» кинофильмдеріндегі Американың келбетіне ұқсақ бейнебаян өмірге келмек.

Косымша рөлдерге, бейнебаяндағы көпшіліктің рөлін ойнайтын адамдар мен басты рөлдегі актерлерге арналған онлайн-кастинг қараша айының 6-нан 17-не дейін жалғаспақ.

Кастингке қатысушылардан не талап етіледі:

Қатысушының жасы: 18-60

Міндетті киім үлгісі: 20-30 жылдардағы әдемі еуропалық үлгідегі костюмдер мен өзге де аксессуарлар.

Өздеріңіздің фотосуреттеріңізге «Кастинг» деп белгі қойып мына angree@gmail.com мекен-жайға жолдаңыздар.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: season.kz

А. Әбілхан