Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Қазақстан намысын «Turkvizyon-2013» сайысында кім қорғайды?

Қазақстан намысын «Turkvizyon-2013» сайысында кім қорғайды?

Қазақстан намысын «Turkvizyon-2013» сайысында кім қорғайды?

Жақында Түркияның Эскишехир қаласында кең ауқымды "Turkvizyon-2013" музыкалық байқауы өтеді. Түркі тілдес халықтардың арасында "Евровидение" сайысынан кем түспейтін шараға Қазақстан атынан кім қатысатынын бүгін әділ қазылар анықтауда.

Ккез келген адамның 17-27 қазан аралығында сауалнама толтырып, іріктеу кезеңіне қатысуға өз өтініштерін қалдыруға мүмкіндіктері болды. Өтініш білдіргендердің арасынан әділ қазылар мен ұйымдастырушылар байқаудың шарттарына сай 34 әнді іріктеп алды. Байқауда ең біріншіден әнші емес, ән бағаланатынын ерекше атап өту керек. Әндерге қойылатын талаптың бірі – оның бұрын еш жерде орындалмауы, яғни су жаңа ән болуы. Сонымен қатар байқауға тек қазақ тіліндегі әндер қатыса алады.

34 орындаушы арасында жеребе тартылып, олардың шығу реті анықталды. Қатысушылар арасында Нұржан Керменбаев, Айқын, RinGo, Луина, КешYou сынды танымал орындаушылармен қатар, осыған дейін белгісіз болған жас әншілер де бар.

Нұржан Керменбаев сахнаға 9-шы болып шығады

"Classic" тобының жігіттері Ақылбек, Фархат, Қайрат пен Жомарт Алмас Кішкенбаевтың әніне жазылған Мәулен Ахметжанның "Сезім" әнін орындады.

Жас әнші Райхан Альмурзина Арман Дүйсенов пен Асқар Дүйсенбінің "Жігітім-ай" әнін сайысқа ұсынды. 

Ержан Нұрғалиев италиялық композитор Аугусто Амигучидің әуеніне жазылған Болатхан Төлебаевтың "Сен үшін" әнін ұсынды. Кеше ғана жазылып аяқталған әннің бір шумағы итальян тілінде орындалады. Ержан ағаның айтуынша, оның мақсаты әлемдік хитке айнала алатын ән орындау.

Танымал "RinGo" тобы «Turkvizyon-2013» сайысының іріктеу кезеңіне өздерінің орындаушысы Батыр Байназаровтың әніне жазылған өлеңді ұсынды. Айта кетсек, ән әлі аяқталған жоқ, өзгертулер енгізілуі әбден мүмкін. Әнге атау да беріп үлгермегеніне қарап, оның жаңадан жазылғандығын байқауға болады.

34 әннің арасынан ақтық сынға қатысатын 12 әнді әділ қазылар таңдау керек. Қазылар құрамына Еркеш Шакеев, Нұрлан Қаражігітов, Қыдырәлі Болманов, Толқын Забирова, Талант Арғынғали, Ноэль Шаяхметов, Люция Төлешова, Бейбіт Оралұлы, Ринат Гайсин, Арман Қарабаев сынды танымал композиторлар, продюссерлер, әншілер кірді.

Қазақстандық финал 24 қараша күні Астана қаласында өтетін болады, ал қорытынды SMS дауыс беру арқылы анықталады. Сол жерде жеңіске жеткен ән «Turkvizyon-2013» сайысында  2013 жылдың 17-23 желтоқсанында Түркияда Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 29 қазан 2013, 18:21
Пікірлер
+0
29 қазан 2013, 18:50

Ринго барса екен )

+0
29 қазан 2013, 18:54

Бұл сонда ән сайысы ма?

+0
29 қазан 2013, 19:13

Ернар Айдарды барлық әнін мына жерден жуктей аласыздар:
http://www.newmusic.kz/search/Ернар%20Айдар/

Қайрат Нуртастың барлық әнін мына жерден жуктей аласыздар:
http://www.newmusic.kz/search/Қайрат%20Нұртас/

+0
29 қазан 2013, 19:28

Әйтеуір танитын адам барса ғой

+0
29 қазан 2013, 21:09

Иә, РИНГО барса екен. Мика, тілейік))

+0
30 қазан 2013, 10:51

Блм жаңа есім естігім келеді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.