О дүниеде жүріп-ақ табыс тауып жатыр

О дүниеде жүріп-ақ табыс тауып жатыр

Forbes журналы өмірден өтсе де, атағы табыс түсіріп жатқан танымал адамдардың ең байларын анықтады. Көш басында - Майкл Джексон.

Lenta.ru-дың хабарлауынша, поп-музыка королінің дәулеті былтырғы қазан айынан бері тағы 160 млн долларға көбейген. Бұл көзі тірі Мадоннаның жылдық табысынан 35 млн-ға көп. Марқұм болған дәулетті жұлдыздар рейтингінің екінші орнына Элвис Пресли көтерілді. Ол былтырдан бері 55 млн доллар «тапқан». Одан кейінгі орындарға дәулеті 37 млн долларға көбейген карикатурашы Чарльз Монро Шульц пен бір жыл ішінде 25 млн долларға «ие болған» актриса Элизабет Тейлор орналасты. Бесінші орында - музыкант, регги стилінің ең атақты өкілі Боб Марли (18 млн).

О дүниеде жүріп-ақ «табыс тауып» жатқандардың рейтингіне Мэрилин Монро, Джон Леннон, Альберт Эйнштейн, Бетти Педж, Доктор Зюс, Стив Маккуин және басқалар да еніп отыр.

Жолдаған: Болатбек Мұхтаров

Сурет: zastavki.com

А. Құлтай