Патрисия Каас Астанада ән шырқайды!

Патрисия Каас Астанада ән шырқайды!

2013 жылдың 30 қарашасында Астанадағы Орталық концерт залында атақты француз әншісі Патрисия Каастың (Patricia Kaas) концерті өтеді деп хабарлайды Season.kz сайты. Іс-шара Қазақстандағы Франция жылының аясында өткізіліп отыр.

"Каас Пиафты шырқайды" деп аталатын шоу француз әншісінің құрметіне арналады. Бағдарламада көптің жүрегін жаулаған "Padam-Padam", "Je T’ai Dans La Peau" атты әндер мен орыс тіліндегі «Ты не позвонишь», «Мне нравится, что Вы больны не мной» композициялары бар.

Дәл қазір Патрисия Каас Ресейде концерт беру үстінде, оның гастрольдік тізімінен Түмен, Самара, Казань, Челябинск, Пермь, Ижевск қалалары орын алған. Әнші Астанадан кейін Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында шоу көрсететін болады.

Әнші өзінің сәттілік формуласы ретінде гастрольдік сапарларын таниды екен. Ол рас, Каас бірнеше жылдан бері шетелде үздіксіз концерт берумен келеді. Мәселен, оның 2013 жылғы графигінде шетелде өткізілетін 150 концерт белгіленген. П. Каастың репертуарында поп-музыка мен классикалық шансон көп кездеседі. 1988 жылы шыққан "Мадемуазель шырқайды" атты альбомынан кейін ол қатысқан концерттердің 17 миллионнан астам жазбасы сатылып үлгерген.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет:o-france.ru