Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / «Turkvizyon-2013» – жылдың басты музыкалық жаңалығы

«Turkvizyon-2013» – жылдың басты музыкалық жаңалығы

«Turkvizyon-2013» – жылдың басты музыкалық жаңалығы

Жақында жылдың басты музыкалық жаңалығы «Turkvizyon-2013» музыкалық байқауы өтеді. 

«Turkvizyon-2013» жылдың ең басты музыкалық  жаңалығы түркі әлемінің мәдени астанасы атанған Ескішеһир қаласында 2013 жылдың 17-23 желтоқсаны аралығында өткізілмек. Бұл көптеген түркі тілдес елдер үшін «Евровидение» байқауын алмастыра алатын халықаралық деңгейдегі жаңа ән байқауы. Әлемдік музыкалық өндірісте үлкен құбылыс болғалы тұрған байқау түркі музыкасының өкілдерін бір сахнада тоғыстыруды мақсат тұтады. Байқаудың аудиториясы – 300 миллион көрермен.  

Жобаның тұсаукесері 20 қыркүйекте Түркияның Ескішеһир қаласында өткен болатын. Ол жерде түркітілдес халықтар мекендейтін 20 мемлекеттің өкілі «Turkvizyon» байқауына қатысу туралы келісімге қол қойып, байқаудың ақтық мәресін тікелей эфирден көрсетуді мойындарына алды. «Turkvizyon» ән-додасының бастамашылары – ТMB TV түрік телеарнасы мен түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы TÜRKSOY.

«Turkvizyon» - дауыс берудің әділдігі мен қорытындының ашық болу принціпін таңдаған, саяси, кәсіби қысымнан тәуелсіз бірінші музыкалық байқау. Бұл ешкімге ұқсамайтын, алпыс жылдық тарихы бар «Евровидениеге» көрініс, ауқым, техникалық жабдықталу жағынан есе жібермейтін думан болмақ.  

«Turkvizyon» байқауына түркі мәдениетінің әлемнің әр түкпіріндегі өкілдері түгел қатысады: Әзірбайжан, Алтай Республикасы, Башқұрстан, Беларусия, Босния мен Герцеговина, Грузия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Македония, Молдова, Қырым Республикасы, Солтүстік Кипр, Татарстан, Түркменстан, Түркия мен Өзбекстан.

Түркі жұртының мәдени, материалды мұраларын сақтау, дамыту және болашақ ұрпаққа жеткізу үшін түркітілдес халықтар арасында тығыз қарым-қатынас жасау, сонымен қатар түркітілді орындаушыларды қолдау және олардың бейнебаяндарын Түркия мен басқа мемлекеттерде жариялау осы байқаудың басты мақсаты.​ Орталық Азия мен Қазақстан музыкасын танымал ету және дамыту, әлемдік және ТМД музыка нарығында Қазақстан музыкасын дамыту, мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыруға бағытталған сайыс үлкен танымалдылық жинайын деп тұр.

Қазақстандық іріктеуде 10 сарапшы әділқазы 12 үміткерді таңдап алады. Олар Түркияда өтетін ақтық мәреде еліміздің атынан өнер көрсету үшін өзара бақ сынасады. Сарапшылар құрамына Қазақстанның танымал тұлғалары, қоғамда аса зор абыройға ие, шоу-бизнеспен жақсы таныс, музыкалық білімі бар, сан түрлі шығармашылық байқаулардың қазылығында болған жандар кіреді. Сарапшылар есімі алдын ала жария етілмейді. Олар үміткерлердің шеберлігін, вокалдық мүмкіндіктерін бағалайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар арасында оның жасы18-ден асуы және байқау үшін арнайы жазылып, еш жерде орындалмаған жаңа әнді ұсынуы керек. «Turkvizyon» байқауының басты ерекшелігі – қатысушы әнді өз туған тілінде орындауға құқылы. Қатысуға тілек білдіруші кез келген адам 17-27 қазан аралығында www.turkvizyon.kz сайтындағы сауалнама толтырып, қазақстандық іріктеу кезеңіне қатысуға өз өтініштерін қалдыра алады.

Ал қараша айының аяғында Астана қаласындағы Орталық концерт залында тікелей эфирде өтетін SMS-дауыс беру арқылы қазақстандық жанкүйер жылдың басты музыкалық байқауы «Turkvizyon-2013»-те еліміздің намысын қорғайтын әншіні таңдап алады.

«Turkvizyon-2013» ән фестивалі 3 кезеңнен тұрады: екі жартылай финал және ақтық мәре. Жартылай финалдар 17-21 желтоқсан аралығында өтеді. 12 қатысушыны таңдап алатын ақтық мәре 23 желтоқсанда болмақ.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет ұйымдастырушылардан алынды

1801 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 19 қазан 2013, 15:34
Пікірлер
+0
19 қазан 2013, 16:44

Бізден кім барады екен?

+0
19 қазан 2013, 16:46

байқау болады, байқауға кез келген адам қатыса алады.

+0
19 қазан 2013, 22:12

Біздікілерге тағы бір мүмкіндік

+0
21 қазан 2013, 10:03

Өз тiлiнде айтуға мүмкiндiк бары қандай жақсы...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев