DO-MI-NO тобының орындаушысы үйленді

DO-MI-NO тобының орындаушысы үйленді

DO-MI-NO тобының орындаушыларының бірі – Дерик Байназаров Қазақстан шоу-бизнесіндегі той эстафетасын жалғастырды.

Қыздардың сүйікті әншісі, DO-MI-NO тобының әндерінің бәрінің авторы, DERIKRECORS студиясының басшысы, бұрынғы ПИЛОТ тобының мүшесі Дерик Байназаров бойдақтар қатарынан шығып, сүйікті қызы Бақыт Ибрашевамен отбасын құрды. 

Әнші мен оның жары – қызылордалық ару Бақыт Алматыда 3 қазан күні заңды некеге тұрды. Алда 26 қазан күні Қызылорда қаласында өтетін Қыз ұзату тойы мен 3 қарашадағы Павлодарда болатын үлкен той бар. 

Екі жастың танысуы заманауи түрде, интернетте орын алған екен. Қоғамдық желіде танысқан жастардың алғаш кездесуі Астанада болыпты.

Дерик Байназаровтың таңдауы қызылордалық Бақытқа түсті

Бақытты жас жұбайлар

Бақыт некеге тұрғаннан кейін күйеуінің тегін алды

Екі жастың махаббатына олардың instagram-дағы оқырмандары куә болды. Олардың instagram-ынан кездесу шақтарын, туыстармен танысу кештерінен де сурет көре аласыздар.

Екі жасқа баянды махаббат пен үлкен бақыт тілейміз!

 Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер Дерик пен Бақыттың әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарынан алынды

С. А