«Алдаспан» жаңа жинақтарын жарыққа шығарады

«Алдаспан» жаңа жинақтарын жарыққа шығарады

Жуырда «Алдаспан» рок тобының қазақ және орыс тіліндегі жаңа екі альбомы жарыққа шығады. Музыкалық ұжымның шығармашылығына «Алаш Медиа Групп» холдингі қолдау көрсетіп отыр.

Топ өкілдерінің айтуынша, қазақ тіліндегі альбомның алғашқы синглы «Мәдениет» және «Еларна» телеарналарының эфирінен өткен. Бұл жинақта сегіз трек болады, орыс тіліндегі альбомға да сонша композиция енеді. Топтың ритм-домбырашысы Бақытжан Желдірбаев бұл әндер үшін тұңғыш рет соқпалы аспапқа отырады. «Алдаспан» тобы қазір өткен жылы жарық көрген «Ұлы көш» альбомындағы «Елдастан» әніне бейнебаян да түсіріп жатыр. Трек қайта редакцияланып, бұрынғысынан сәл қысқартылған. «Бізге Тengri FM радиосы жұмысқа студиясын беріп көмектесіп отыр. «Алаш Медиа Групп» холдингіне біздің топқа қолдау көрсеткені үшін өле-өлгенше алғыс айтамыз», - дейді «алдаспандықтар». Қазанның 11-і күні электрдомбырашылар тобы Қызылорда облысының орталығында қала күніне арналған мерекелік концертте өнер көрсетеді.

Жолдаған: Болатбек Мұхтаров

А. Құлтай