Біз неге мұңды музыканы ұнатамыз?

Біз неге мұңды музыканы ұнатамыз?

Жапон ғылым және технология агенттігінің зерттеушісі Аи Каваками адамдардың не себепті мұңды музыка тыңдайтынын анықтамақ болыпты. Сонымен, неліктен адамдар мұңды ән тыңдайтынын жапондық ғалымның The New York Times газетіне жариялаған мақаласынан үзінді ұсынамыз.

Мұң – адамдар көбіне аулақ болуға тырысатын эмоция. Онда неліктен біз саналы түрде мұңды музыка тыңдауға құмармыз? Осы сұрақты соңына тіпті музыка теорияшылары мен философтар да түсіпті. Мұңды музыка өте қатты сезім тудыруы мүмкін, бірақ тыңдау кезіндегі мұң бір жағынан бізге жағымды да болып сезіледі. Неліктен? Аристотельдің әйгілі түсіндірмесі рухани тазару идеясының негізінде құрылған: адамды керек емес сезіммен басу арқылы музыка (немесе драма) бізді одан босатады.

Бірақ күнделікті өмірде бастан кешіретін мұң өнерді қабылдау кезіндегі сезімдерден өзгеше болса ше?

Оны анықтау үшін біз әріптестермен бірге зерттеу өткізуді шештік: қырық екі адамға Михаил Глинканың La Séparation-нан, Феликс Блуменфельдтің Sur mer-і мен Энрике Гранадосаның Allegro de Concierto-нан отыз секундтық үзінді тыңдаттық. Біздің таңдауымыз минорлы композицияларға тоқтады себебі дәл солар каноникалық түрде мұңды музыкамен ассоциицияланады. Сонымен қатар, біз туындымен байланысты кез келген естеліктен аулақ болу үшін жалпыға мәлім композиторларды айналып өттік.

Михаил Глинка, La Séparation, Nocturne in F minor

Біз бұл үзінділерді минорлы және мажорлы гаммаларда алмастыра отырып, сынаққа қатысушылардан тыңдау кезінде қандай сезімге бөленері жайлы сұрап отырдық. Сосын біз бұл процессті қайталап, кез келген есі дұрыс адам осы музыкадан нені сезуі керек деген сұрақ қойдық. Біздің қатысушылар әр сұраққа сезімге байланысты 62 сипаттама сөз бен тіркестерді төрт балдық меже бойынша бағалай отырып, жауап берді.

Феликс Блюменфельд, Etude Sur mer

Болжанғандай, әрқайсысының сезімдері ұқсас бола қоймаған. Мұңды музыка "трагедиялық" ретінде қабылданғанына қарамастан, тыңдаушылар "романтикалық" және бейқам сезімдерді сезген. Және көңілді музыка да шамамен дәл осындай әсер берген - болжанған сезімдер сезініп жатқан сезімдерден анағұрлым мықтырақ болған.

Мұның түсіндірмесі ретінде күнделікті өмірде біз әдетте сезімдерді белгілі бір объектімен немесе жағдаймен байланыстыратындығымыз болуы мүмкін. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: vk.com

Ж. FM