ADAM "Шығыс базарына" барады

ADAM "Шығыс базарына" барады

Қазақстандық әнші ADAM "Шығыс базары" атты танымал халықаралық музыкалық байқауына қатысатын болды. Айта кетейік, бұл дәстүрлі шара 2005 жылдан бері Ялтада өткізіліп келеді.

"Шығыс базары" – Шығыс Еуропадағы кәсіби орындаушылар қатысатын ең ірі байқау. Оның ерекшелігі – қатысушылар әндерін туған тілдерінде орындайды. Жыл сайын 30-дан астам елдің кәсіби вокалистері бақтарын сынап келеді. "Шығыс базарының" ақтық сыны тікелей эфирден көрсетіледі, оның 500 милионнан астам көрермені бар.

ADAM Media Group-тың PR-менеджері Торғын Абушахманның айтуынша "Жаңа толқын 2013" халықаралық жас орындаушылар фестивалінің бесінші орын иегеріне шақырту қағазы бірнеше күн бұрын келіп түскен екен.

PR-менеджер: "Біз "Шығыс базарына" қатысушы немесе қонақ ретінде баратындығымызды әлі ойланып жатырмыз. Қалай болғанда да, бұл өте жағымды жаңалық. Алдымызда әлі бір жыл уақыт бар. Сайыс келер жылдың қыркүйек айында өтеді, жақсылап дайындап үлгереміз" - дейді.

АДАМ-ның продюсері Динара Адам Түркия және Татарстан теларналарымен келісімге отырғандығы мәлім болды. Енді түріктер мен татарлар "Гүлістан Қазақстаным" әнінің бейнебаянын тамашалай алады. Тіпті, бейнебаянның режиссері де белгілі болды. Ол осы саланың кәсіби маманы – Илья Кузыров. Түсірілм жұмыстары Алматы қаласында өткенімен, монтаждау Киев қаласына жоспарланған. Бейнебаянға 3D графикалары қолданылады. АДАМ-ның өзі бейнебаянды қазан айының ортасында Интернетке жариялауға уәде беріп отыр.

Вокалистің тағы бір жаңалығы: компазитор Құрмаш Махановпен бірелесе жасаған жұмыстар мәресіне жетіп отыр. Ол қазақстандық жұлдыз үшін екі жаңа ән жазып берді. Студияда ән жазу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Суретке түсірген: Ақерке Әбілхан


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар