Өмір бойы сүйіп өтер ән

Өмір бойы сүйіп өтер ән

Адам баласының ғұмыр бойында қанша әуенді тыңдап үлгеретіндігін ешкім де дөп басып айта алмайды. Есесіне, Санта-Круздағы Калифорния университетінің ғалымдары балалық шақта тыңдалған әуендер мен әндер өмір бойы адамның "плейлистінде" қалып, жадында мәңгілікке сақталады және өмірінің соңына дейін сүйікті әндерінің қатарынан түспейді деген тұжырымды айтып отыр.

«Association for Psychological Science» журналында жарияланған нәтиженің тәжірибелік жұмыстары мынадай әдіспен жүргізілген: еріктілерге 1955 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі аралықтағы хит әндерін тыңдау ұсыналады. Әрбір жыл үшін екі композиция таңдалып алынған. Бұл тізімді «Billboard» журналы ұсынып отыр.

"Әуен тыңдау" кезеңінен кейін еріктілерден тыңдалған әндерден кейінгі әсерлерімен, толғаныстарымен бөлісу сұралады. 

Нәтижесінде, соңғы жылдарда хит болып жүрген шығармалар көп мөлшерде эмоция тудыратындығы (тәжірибеге 30 жас шамасындағы адамдар қатысқан), бірақ, қатысушылар өте күшті әсерді 1980 жылдардағы әндерден алғандығы анықталды. Өйткені, олардың балалық шағы осы жылдармен тұстас келеді.

Қатысушылар ата-аналарының жастық шағындағы әуендерді бірден танып, тыңдаудан шынайы ләззат ала білді. Бұл сезімдердің заманауи әндерді тыңдау нәтижесімен салыстыруға де келмейді. Сондықтан да, психологтар балалық шақтың хит әндері жасөспірім, жастық шақта тыңдалған әндерден еш кем болмайтындығын айтып отыр.

Сіздің музыкалық талғамыңыз тым заманауи болмаса немесе өзгелерге ұнай бермесе, одан ұялудың еш қажеті жоқ. Сіз ол әндерді анаңыздың жатырында жатып тыңдағансыз және өмір бойы сүйіп тыңдайтын әніңізге айналып үлгерген. Сіз одан қашып құтыла алмайсыз.

Ал сіздің өмір бойы сүйіп өтер әніңіз бар ма?         

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com