Нағыз күміс көмейге - миллион теңге!

Нағыз күміс көмейге - миллион теңге!

Алдағы сенбі-жексенбі күндері дәстүрлі әннің жас орындаушыларының «Күміс көмей, жезтаңдай» қалалық байқауының іріктеу сыны басталады. Байқау қыркүйектің 23-і күні Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қорытындыланады.

Осымен екінші жыл ұйымдастырылып отырған орындаушылар сайысына үміткерлерден өтініш қабылдау жұма күні аяқталады. Содан кейін Ықылас атындағы халықтық музыкалық аспаптар мұражайында іріктеу кезеңі басталады. Байқау әдеттегідей екі номинация бойынша өтеді: домбырамен ән айту және халық аспаптарын қолдана отырып, эстрадалық ән орындау. Үміткерлер 15-25 жас аралығында болуы шарт. Орындаушылардан дәстүрлі әннің жауһарларын айтып қана қоймай, халықтың бай рухани қазынасына деген айрықша көзқарас таныту мен фольклорға тың тыныс беру талап етіледі. Мәдениетіміздің айтулы қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы, әрине, дауыс мүмкіндіктерін де таразыламақ. Жеңімпаздар байқаудың гала-концертінде анықталады, бас жүлде - 1 млн теңге. Байқаудың шарттары туралы толық мәліметті «Майра» продюсерлік орталығынан алуға болады.

Жолдаған Болатбек Мұхтаров

Сурет: dombira.imob.su

А. Құлтай