Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Cахнаға «Береке» келді!

Cахнаға «Береке» келді!

Cахнаға «Береке» келді!

Көңілді әнмен шайқаған, сезімге толы айналам. Қазақ әншілерінің жанға жылу, көңілге көрік, ойға серік қосар әндері екінің бірін бей-жай қалдырмайды. Жыл өткен сайын сахна төрін толтырып, әндерін әуелетіп жүрген әншілер қауымына үлкен үмітпен қараймын. Себебі, өнерлі елдің ұландары көбею үстінде. Сахнамыз кеңейіп, әніміз аспанда қалықтап жатса несі айып?!

Қазақ эстрадасының қорына тағы бір айтулы топ келді. 

Береке басы — бірлікте. Бірлігі жарасқан шоқ әншілеріміздің қатары «Береке» тобымен толықты. Ендігі кезекте, оқырмандарымыздың назарына «Береке» тобының сыр-сұхбатын ұсынамыз.

- «Береке» тобының жігіттері Аршын, Данияр қош келдіңіздер. Әншінің бағын ашатын ән мен сахна. Осы орайда, ән құдіреті мен сахна әлемін қалай түсінесіздер?

- Қазақстанда өнердің өрінен, сахнаның төрінен көрініп жүрген өнер саңлақтары жылдан-жылға толығып жатыр. Солардың қатарына біз де келіп жеттік. Иә дұрыс айтасыз, әншінің болмысын ашатын әуелі ән болса, екінші сахна. Тыңдарманның талғамынан шығатын ән тез тарайды. Сол арқылы әнші көпке танылады. Ал сахна киелі табалдырық. Әр әнші сол алтын баспалдақтың киесін ұмытпауы керек деп ойлаймын. Біз енді ғана шаршы топқа қосылып, өнердің қайнаған қазанына түстік. Сондықтан оқырман мен тыңдарман оңынан бағаласа дейміз.

- Әңгіменің басы таныстықтан басталады. Туған жер, өскен орта, алған білімдеріңіз жайлы айта отырсаңыздар?

  Аршын ЖОЛДАСХАН: ҚХР, Алтай өлкесінде 1990 жылы дүние есігін ашыппын. Қазақстанға келгеніме 12 жылдың жүзі болды. Талдықорған қаласында оқи жүріп, Нұрғиса Тілендиев атындағы домбыра класын тәмамдадым. Кейіннен Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің эстрада-вокал бөлімін бітірдім. Бауыржан Исаев ағамыздың  жетекшілігімен, өмір мен өнердің құпия тұстарынан сабақ алдым. Дәстүрлі әнші Әселхан Ыбырайқызы деген нағашымнан дарыған  күйшілік өнерді әнішілікпен қатар арқалап келемін.
  Данияр ЕРІМОВ: Атырау қаласының, Доссор кентінде 1990 жылы дүниеге келгенмін. Мектеп кезінен бастап, бес  жыл бойы домбырадан сабақ алдым. Атырау қаласы, Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық колледжде білімімді жалғастырдым. Бүгінде Алматы қаласы, Абай атындағы педагогикалық университетте музыка мамандығы бойынша жоғары білім алудамын.

- «Үлкен істің басына, жақсы келер қасына» деген сөз бар.  Жалпы топ қалай құрылды?

- Екеуіміз алғаш студент кезімізде таныстық. Сол таныстықтың арты, достыққа айналды. Ақылдаса келе, бойдағы талантты алға тартып, топ құрсақ деген ниет білдірдік. Уақыт – емші. Айымыз оңынан туып, 2012 жылдың жаңа жылынан бастап «Береке» тобы құрылды. Береке қазақтың әдемі де, әсерлі сөздерінің бірі. Қоғамда берекелі болсақ, жүрген жеріміз әлі талай мереке болары сөзсіз.

- Бүгінгі жас әншілердің дені махаббат тақырыбынан әрі аса алмай жатады.  Ән қоржындарыңыз қандай әндермен толығып жатыр? 

- Репертуарымызда 7-8 ән жазылды. Жастарды көтеретін жастар болғандықтан, «Оралшы жаным», «Той жыры», «Еркем», «Кел биле», «Қос бәйтерек» сынды жастар сұранысына сай әндеріміз тыңдармандар арасында өтімді. Соңғы жазып жатқан әніміз, Қамза Көксебекұлы ағамыздың сөзіне жазылған «Бақ құсым» деп аталатын ән. «Береке» тобының хит әніне айналар деген сенім бар. Осы әнге үлкен үміт артып отырмыз.  

- Қазақстанда қанша топ шықса, солардың өзіндік стильдері болады. Тыңдарманы мен көрерменін ерекшеліктерімен тартқысы келеді. Ал сіздердің ұстанған стильдеріңіз қандай?

- Енді көшке жаңа қосылып жатырмыз. «Көш жүре түзеледі» демейме?! Стиль жүре-келе қалыптаса жатар. Шығыстың, Европаның әндері деген ұстаным жоқ. Халыққа тек әуелеген үнмен қазақ әндерін жеткізгіміз келеді.   

- Өздеріңіз секілді жас әншілердің әндері әлеуметтік желі мен ұялы телефондар арқылы тез таралады. Жаңа топтың, жаңа әндерін тыңдармандар қалай қабылдап жатыр?

- Әлеуметтік желіде біраз әндеріміз салынған. Сол шығармаларымызға өзара бағаларын беріп, пікірлерін қалдырып жатады. Соның өзі үлкен қолдау деп білеміз.

- Өнерде барым деп бағалар, шығармашылықтарыңызға демеу көрсетіп жүрген арқа сүйер ағаларыңыз барма?

- Қазір әр адам өзі үшін жүгіретін заманда өмір сүріп отыр. Біреу келіп, артық нанын жегізбейді. Ән жаздыру, өңдеу, оның таралуы, бейнебаян түсіру деген сияқты жұмыстармен өзіміз айналысуға тура келеді.Сондықтан  70-80 пайызын өзіміздің өнерге деген құлшынысымызбен  жасап жатырмыз. Егер жүрегі өнер деп соғып, қолдау көрсетемін деген ағаларымыз болса, қуанышпен қарсы алар едік.

- Әрине, шығармашылықты шыңдау үшін қыруар қаржы керек екені жасырын емес. Жаңа бейнебаян түсіру жағын айтып өттіңіздер. «Өнерің болса клипсіз де танылуға болады» деген әншілеріміз де жоқ емес. «Береке» тобының берекелі бейнебаянын қашан көре аламыз?

- Қоғам сұранысты қажет етеді. Бейнебаян түсірудің өзі шығармашылықта тер төгіп жүргендігіңнің белгісі. Сондықтан бейнебаянмен танылу керек. Газет-журнал, телеарна арқылы оқып, көріп отырған халық кім екеніңді білуі тиіс қой. Келбетін танымай сахнаға шығу мүмкін емес. Күз айында «Бақ құсым» атты жаңа әнімізге бейнебаян түсіреміз деген жоспарымыз бар.

- «Өнер» деген үлкен ұғымға қаншалықты тер төгіп жүрсіздер? Жетістіктеріңіз барма?

- Өнердің бастамасын конкурстарға қатысудан бастадық. Колледж қабырғасында жүргенде «Жас қанат» конкурсына қатыстық. Болашақта үлкен додаларға қатысып, сынға түссек деген ниеттеміз.

- Топ болып ән айтып жүрген сахна саңлақтары, көп уақыт өтпей бөлініп жатады. «Береке» тобы көптің бірі емес, бірегейі болып қалады деген ойдамыз. Солай ма жігіттер?!

- Әрине, ол да бір Алланың қалауы. Өзіміз секілді шығып жатқан әншілер көп. Оқығаны бір төбе болса, ақшаның күшімен жүргендер бір төбе. Алдыңғы толқын ағаларымыз «Уақыт өте келе, бәрі де іріктеледі» дейді. Ата-бабамыздың қанымен келген өнерімізбен тырысып, сол іріктеуден шығып қалмасақ дейміз. Құрылғаннан бастап, арамызда келісім-шарт жоқ. Өзара достық ниетпен, адамгершілікті арқалап құрылдық. Сондықтан кері қадамға бармаймыз.

- «Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле» дейді қазағым. Бірлігі жарасқан «Береке» тобының жанкүйерлеріне, оқырманы мен тыңдармандарына лебізі бар шығар?

- Қазақ елінде береке, ұлтында бірлік болсын. «Береке» тобынан берекелі ән күтіңіздер! Иманды елдің ұландары болайық.

- Әңгімелеріңізге үлкен алғыс!


Сұхбаттасқан: Жаннат Қасымбекова

журналист

6623 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 13 қыркүйек 2013, 13:50
Пікірлер
+0
13 қыркүйек 2013, 16:12

Өзгеріс әкелер ме екен???

+0
13 қыркүйек 2013, 16:15

ерекше болсыншы!

+0
13 қыркүйек 2013, 18:17

Дауыстары ұнады. Енді сәттілік тілейміз!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев