Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Қайрат Нұртас: "Бұл халықтың кінәсі емес, менің де кінәм жоқ"

Қайрат Нұртас: "Бұл халықтың кінәсі емес, менің де кінәм жоқ"

Қайрат Нұртас:

Бүгін Алматыдағы Ұлттық Пресс клубта Қайрат Нұртас пен оның продюсері – анасы Гүлзира Айдарбекова және арт директоры Мира Келімбетова 31 тамыздағы Прайм Плаза сауда-ойын орталығында болған оқиға туралы өз пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Массагет порталының тілшісі.

"Болған оқиға бәрімізге де үлкен қиындық тудырды. Еліміз дамып жатқанда, мұндай оқиға орын алғаны өте дұрыс емес болды. Қаншама жастар, еліміздің болашағы сол жерде тобырға еріп кетті. Бір айтарым, сабырлы бола білейік," – дейді танымал әнші Қайрат Нұртас.

Қайрат Нұртас: "Мен халықтан қашқан жоқпын"


Қайраттың айтуынша, бұл оның жеке концерті емес, тек қонақ ретінде 30 минуттық бағдарламасы еді. Ол кешкі сағат 20.15-те сол жерге келіп, адамның көп болғандығы сонша, көлігін қоятын жер таппай, біраз айналыпты. Сахнаға қиындықпен жетіп, ән айтпас бұрын, халықты сабырлыққа шақырған.

"Аяқ астынан ел сыймай, сахна қозғалды, колонкалар, камера құлай бастады. Халықтың қысымына шыдай алмайтындығымызды түсіндім. Ұйымдастырушы концертті тоқтат деп талап етті. Сахнаға қайта шығып, халықты қайта сабырлыққа шақырдым. Жұрт басылар емес екеніне көз жеткізгенде көлікке жетіп, сонда әжептеуір уақыт күттік.

Бұл халықтың да, менің де кінәміз емес. Дұрыс ұйымдастыру болмады. Әр өткен сайын біреу түртіп, суретке түсіргісі келіп тұрды, халық тіпті сахнаға шығып, менің қасымда тұрды. Сахнаға шығарда бір нәрсе боларын сездім, қорқыныш пайда болды".

Қайрат Нұртастың айтуынша, ол көпшіліктің қате ойынша Айсұлтан Назарбаевтың тойында болған жоқ, шақырылған да жоқ еді. Концерттен кейін келесі күні Ақтауда Қайраттың қатысуымен концерт өтті.

Гүлзира Айдарбекова, продюсері және анасы:

"Кетіп қаламыз деп жоспарлаған жоқ едік"

«Маған ұйымдастырушылар Қайрат қонақ ретінде келсін деп айтқан еді. Алайда жарнамаларында және халықтың ойлауынша ол Қайраттың жеке ән кешіндей көрінді. Тегін болғаннан кейін адам көп жиналған болар. Кеште кішкентай балалар, бүлдіршіндер, тіпті қол арбадағы сәбилер, арбада отырған мүгедектер де болды. Аяқ басатын жер болмай, күзетшілер бізді алып жүрді. Біз қауіп төнген кезде ғана көлікке қарай жол тарттық. Сонда да, соңына дейін көлікте отырып, кеш жалғасып қала ма деп күттік. Кетіп қаламыз деп жоспарлаған жоқ едік. Өзіміз болған жағдайға қатты уайымдап, құзырлы қызметтердің шешімін күтеміз. Бұл әдейі істелді ме, басқа ма, оны мен айта алмаймын».

Мира Келімбетова, арт-директор:

"Бұл оқиғаға ұйымдастырушылар кінәлі"

"Далада өтетін концертте көп күзет болуы керек. Сахна биіктікте орналасқан, ән айтуға, көрсетілім жасауға мүмкіндік болуы керек деп келіскен едік. Ұйымдастырушылар оны мүлдем қарастырмаған. Сахнада ән айтуға еш жағдай жасалмаған. Ұйымдастырушылардың қате жұмысының кесірінен ол жерде жиылған жұрт көтеріле бастады. Бұл Қайраттың жеке концерті емес еді. Ұйымдастырушылар жарнамаға оның үлкен суретін қойып, оның жеке концертіндей көрсетті. Қалай болғанмен, концерт үшін ақшаны толықтай алдын ала алдық. Бұл оқиғаға ұйымдастырушылар кінәлі".

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 02 қыркүйек 2013, 17:58

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.