Алматыға Линда келеді

Алматыға Линда келеді

14 қыркүйек күні Алматы сахнасында өзінің «Шексіздік» («Бесконечность») атты жаңа бағдарламасымен ресейлік әнші Линда өнер көрсететін болады. 

Ресей сахнасына өзіндік ерекшелігімен сән беретін Линда аңыз-қызға айналған. Орыс эстрадасының феномені саналатын ол айрықша дарынымен талайды таң қалдырды. Біраз уақытқа сахнадан көрінбей қалған Линда енді әлем сахнасына өзгеріс әкелуге қайта дайын. Өзінің табынушыларын көп күттірген ол сахнадан қайта бой көрсетпек.

Өзінің өнер жолында Линда көптеген хит әндерді өмірге әкеліп үлгерді. Ресейде 3 миллионға жуық албомының көшірмесін сатты. Олардың  бірі «Платиналы» сыйлыққа ие болды. 1994 жылда 1998 жылға дейінгі аралықта әнші «Жыл әншісі» атаған 9 рет еншіледі.

Бүгінгі таңда гастрольдік сапарларға шығуды жоспарлап отырған Линданың «Bloody Faeries» жобасы оның күйеуімен бірге құрылған. Айта кетерлік жәйт, Линданың жары Стефанос Корколис - атақты грек музыканты, продюсер әрі әнші. Бұл Линданың шығармашылық жолының жаңа кезеңі. Оның әндерінің бәрі де сапалы. Тіпті Линданың ескі әндерінің өзі үнемі жаңаша жаңғырып отырады.

Линда мыңдаған тыңдарманның кумирі, солай болып қала да береді. Оның әнін тыңдап талай жеткіншек жетіліп, талай ересек қартайды. Ол заманмен жаңғырып ән айта берді, әлі де айтады.

Линда өзінің жиырма жылға созылған шығармашылық жолында көптеген концерттік залдар мен алаңдарды өнерімен жаңғыртты. Оның орындауындағы әр ән тыңдармансыз қалмайды. Қаланың барлық жиындарынан бой көрсететін оны сахнаға шыққанша талай табынушылары тағатсыз күтеді.

Линданың жаңадан дайындалған бағдарламасының репертуарында бұрыннан келе жатқан әндері де, жаңа туындылары да бар. Әндері арнайы осы мерейтойлық кезеңіне арналып жазылды.

Жаңа әндер, сахналық костюмдер, өңдеулер және басқа да тосын сыйлар оңтүстік астанамызда болатын концертке келетін көрермендерді күтетін болады.

Жиырма жыл шығармашылық шабыттың соңы емес. Линданың өнер жолы енді ғана басталып келе жатыр. Жиырма жыл көп те емес, аз да емес. Оның әлі сахнаға керектігін жұрт мойындайды.

Айтпақшы, жаңа бағдарламаның «Шексіздік» («Бесконечность») аталу себебі де кездейсоқтық емес. Бұл шегі жоқ өнерді білдіреді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: djem.com

А. Әбілхан