Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Мейрамбек Бесбаевты танымал еткен "Бозторғай" әні

Мейрамбек Бесбаевты танымал еткен "Бозторғай" әні

Мейрамбек Бесбаевты танымал еткен

Белгілі әнші, күллі қазақ жұртшылығының сүйікті ұлы Мейрамбек Бесбаевтың орындауындағы «Бозторғай» әнін естіген кезде кез келген жанның жүрегі ауырып, көңіліне кірбің ұялайтыны сөзсіз.

Ән авторы Алтынбек Қоразбаев бұл әнді шәкірті Мейрамбекке өзі жаттатып, сахнада алғаш рет айтқызған. Ал мұңға толы әннің сөзін белгілі ақын, атақты «Жар-жар» әніне жаңаша дем берген Әбдірахман Асылбеков жазған.

Әу баста мәтін 1989 жылы «Қара бала» деген атпен қағазға түскен. Кейін Алтынбек Қоразбаев оны «Бозторғай» деп өзгертеді. Алғаш рет ақиық ақын Мұқағали ауылы - Қарасаз топырағында шырқалады.

Бұл ән жарыққа шыққан бойда ел арасында кеңінен танылып, орындаушысы Мейрамбек бала халықтың көзайымына айналды. Ел аузында «Мейрамбек балалар үйінің тәрбиеленушісі», «ата-анасы тастап кеткен», «ол – жетім бала» деген қауесеттер таралады. Алайда, бұл сөздердің еш шындығы жоқ екенін аңғарған жұртшылық Мейрамбектің орындау шеберлігіне тәнті болған. Жетімнің ауыр тағдырын әнге салған Мейрамбектің шырылдаған дауысы әлі күнге дейін ел есінде.

1991 жылы Өзбекәлі Жәнібеков республикалық термешілер байқауын ұйымдастырады. Республика сарайында үш күнге созылған байқауда Мейрамбек Бесбаев «Бозторғай» әнін айтады. Ән көрермендердің ыстық ықыласына бөленгені соншалықты, әнші үш күн қатарынан «Бозторғай» әнін шырқаған.

«Бозторғай» - өз әншісін тауып, әлеуметтік міндетін атқарған ән. Осы әнді естіген бойда, жетімдер үйіне белгісіз себептермен тасталынатын балалардың саны азайған деседі. Кезінде балаларын тастап кеткен ата-аналар да ақылға тоқтап, балаларын қайта алып кеткен.

Бозторғай 
Сөзін жазған: Әбдірахман Асылбеков

Әнін жазған: Алтынбек Қоразбаев

Бозторғай, бозторғай 
Айналайын жыл құсым, 
Аман-есен жүрмісің. 
Ала таңнан шырылдап, 
Қуантқалы тұрмысың. 

Қанатыңды кердің бе, 
Қияндардан келдің бе? 
Жетімекпін мен неге, 
Анамды сен көрдің бе? 

Қатпа қара баламын, 
Тағдырыма наламын, 
Анамды іздеп әр таңда, 
Аңсап әнге саламын. 

Бір ашылмай қабағым. 
Неге жетім қаламын. 
Мүмкін емес болмауы 
Мені туған ананың. 

Бозторғай, бозторғай 

Ана сүтін ембедім 
Құшағына енбедім 
Аймалаған аялы 
Алақанын көрмедім. 

Туғаным жоқ, тумам жоқ 
Менде қызық-думан жоқ. 
Қырға шығып бала боп, 
Көбелек те қуғам жоқ. 

Шешем болса, келмей ме, 
Баласын бір көрмей ме, 
Мейірлене құшақтап, 
Өрік-мейіз бермей ме.. 

Торғай екен торғайда 
Балапанын қорғайды. 
Ана безсе баладан, 
Бәрінен де сол қайғы.. 

Бозторғай, бозторғай 
Көңіл-күйі кетілген 
Сен де мендей жетім бең 
Еркелетіп еш пенде 
Сүйген емес бетімнен. 

Тереземді ашайын, 
Алдыңа жем шашайын, 
Мұңымды айтып өзіңе 
Мауқымды бір басайын. 
Жаралаған жас жанды 
Азапты өмір басталды 
Керегі жоқ ешкімге 
Болғанымда тастанды 

Тас жетім боп қалғаным 
Туа біткен арға мін 
Бір иіскесем анамды 
Болмас еді арманым.

Суреттер: archive.tellytube.in, tuspalsoz.wordpress.com

15
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 04 сәуір 2012, 14:08

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.