"Орда" тобы бишілерге кастинг жариялайды!

"Орда" тобы бишілерге кастинг жариялайды!

29 тамыз күні арнайы би тобына арналған іріктеу өтпек. Шараны "Orda Brothers" пен "Запрещенные танцы" кинофильмінің авторлары ұйымдастырып отыр. 

Биді жақсы көретін және өз өмірін бимен елестеткісі келетіндер үшін бұл – арманға жетудің таптырмас жолы. 

Бұл су жаңа бишілер тобы ең дарынды кәсіби бишілер би қимылдарын дайындап үйрететін салмақты жоба болмақ. 

Ұйымдастырушылардың жобалауынша, бишілер тек к-поп кілемінде ғана өнер көрсетумен шектелмейді. Олар "Орда" тобымен қосылып, концерттерде де бидің түбін түсірмек. 

Іріктеуге қатысқысы келетін немесе іріктеу жайында толық ақпарат алғысы келетін үміткерлер http://vk.com/tonks мекенжайымен толық ақпараттана алады. Ал іріктеу 29 тамыз күні сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жалғасады. Мекенжайы: Гагарин даңғылы мен Мыңбаев көшесінің қиылысындағы 23 қабаттық ғимараттың астыңғы қабаты. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: afisha.nur.kz 

А. Әбілхан