Танымал музыка топтарының бастапқы атауы

Танымал музыка топтарының бастапқы атауы

Әлемде музыкалық небір топ бар, бірақ солардың бәрі танымал емес. Дей тұрғанмен, айтарлықтай жетістікке жеткен тіпті музыка тарихына енген топтар да аз емес. Бүгін музыка сүйетін қауымның жүрегін жаулап алған осындай топтар жайлы қызықты дерек ұсынғалы отырмыз, дәлірек айтар болсақ, аты аңызға айналған топтардың алғашында қалай аталғандары жайлы. 

Адамзат тарихындағы ең танымал топтардың бірі алғашында Johnny and the moondogs деп аталыпты. 

Бүгінде жастар арасында кеңінен танымал Maroon 5 тобы кезінде Kara's Flowers деп аталған екен. 

Coldplay тобы ертеректе Starfish ретінде өнер көрсетіп жүріпті. 

Атақты Led Zeppelin тобы алғашында The New Yardbirds ретінде танылуды жоспарласа керек. 

Өткен ғасырдың 80-жылдардың ортасынан бастап әлемде ең танымал әрі табысты топтардың бірі. Бір айта кетерлік жайт, топ өзінің шығармашылық жылдары ішінде 22 рет Грэмми сыйлығын иеленген, әлемде ешбір топ мұндай көрсеткішке жете алмайды.

 

Тағы бір атақты британдық топ Queen бастапқыда жай ғана Smile деп аталыпты. 

Дайындаған: Ерғали елдос

Сурет: omusic.com.ua, zort.ru, apelzin.ru, 8tracks.com, filtermexico.com

Ж. FM