"Гүлдер" ансамблі кастингке шақырады!

"Гүлдер" ансамблі кастингке шақырады!

Кастинг тамыздың 24-і күні сағат 12.00-де Алматыдағы "Қазақконцерт" мекемесі ғимаратында өтеді.

«Егер сіздің бойыңызда әншілік немесе бишілік тума дарыныңыз болса, заманға сай даусыңыз бен қабілетіңіз болса, елді елітетін сымбатыңыз бен тартымдылығыңызға сенсеңіз, өзіңізді қазақ өнерінің болашақ жұлдызы ретінде көргіңіз келсе, аты аңызға айналған «Гүлдерге» келіп, бағыңызды сынап көріңіз», - дейді ансамбльге іріктеуді ұйымдастырушылар.

Үміткерлер жанды дауыспен қазақ және басқа тілдерде ән шырқауы, аудиториямен жұмыс істей білуі қажет, мүмкіндігінше республикалық және халықаралық байқауларға қатысқан, жас мөлшері 18-35 жас аралығында болуы шарт. Кастингте олар концерттік костюмде үш ән орындайды, екі әнді минус аудио, бір әнді плюс аудио түрінде алып келуі қажет. Үміткерлер 2797002, 2797063 телефондарына хабарласып, тізімге алдын ала жазылуы шарт. Аnsamblgulder@mail.ru электронды поштасына өзіңіз жайлы толық мәліметті (аты-жөніңіз, телефоныңыз, мекенжайыңыз, өзіңіз туралы шағын баяндау, суретіңіздің толық нұсқасы, мүмкіндігінше әніңіз жазылған үнтаспа) жолдауыңызға да болады.

Жолдаған: Болатбек Мұхтаров

Сурет: dmk.kz

А. Құлтай