"Евровидение-2014" байқауы

"Евровидение-2014" байқауы

Келесі жылы «Евровидение-2014» ән сайысының финалы Данияда 10 мамыр күні өтетін болды. Бүгін ұлттық арналары жартылай финал 6 және 8 мамыр аралығында өтетінін хабарлады.

Сайыстың продюсері Пернилла Гордбо: «Евровидеие-2014 сайысына қатысушы мемлекеттердің барлығына ортақ әрі ыңғайлы уақытты таңдауға тырыстық» дейді. Бұдан өзге хабарландыруда өтетін жері жаздың соңғы күндері белгілі болады деп жазылған. Әзірге «Евровидение-2014» байқауының өткізулуіне Хорсенс, Хернинг және Копенгаген үміткер. Байқау 2001 жылы Дания астанасының алаңы «Паркенде» өткен болатын. Белгілі себептермен алаң үміткерліктен бұл жолы бас тартты.

Естеріңізге сала кетейік «Евроведение-2013» байқауының жеңімпазы «Only Teardrops» орындаған Эммели де Форест болатын.  

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: morvenna.ru

Қ. Бүйенбай