Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / ADAM әлі тоғызыншы орыннан жылжыған жоқ

ADAM әлі тоғызыншы орыннан жылжыған жоқ

ADAM әлі тоғызыншы орыннан жылжыған жоқ

Біз сіздерге осыған дейін ADAM-ның "Жаңа толқын - 2013" халықаралық жас орындаушылар фестивалінің алғашқы байқауында тоғызыншы орынға табан тірегені жайлы хабарлап едік. Екінші кезеңінде де тоғызыншы орыннан жылжымаған жас әнші 2005 жылы дәл осы фестивальде көрермен көзайымы атанған отандасымыз, дарынды әнші Мақпал Исабековамен қосылып ән шырқады. Дуэт "Өз елдерінің үздік әндері" кезеңі бойынша "Рақмет" (Спасибо) композициясын орындады.

Әділ-қазылар қазақстандық орындаушының өнерін 116 балмен бағалады. Ең жоғары 11 балды Юрий Антонов, Лайма Вайкуле, Леонид Агутин, Тото Кутуньо, Валерий Меладзе және Игорь Николаев қойды. Жалпы есеппен қазір отандасымыздың қоржынында 229 бал бар. Мұнша балмен ол әлі де тоғызыншы орыннан жылжымады. 

Фестивальдің көшін бастап тұрған кубалық орындаушы Роберто Кель Торрестен отандасымыз 13 бал қалып тұр. Екі күндік байқаудың қортындысы бойынша, екінші орынды грузиялық жас әнші Саломе Катамадзе 237 балмен қайта сақтап қалды. Ал үшінші орынның тұғырынан алғашқы күнгі ресейлік "Fruktы" тобы түсіп, орнына 234 балмен армениялық ару Мери Мнджоян жайғасты. 

Бүгін қатысушылар фестивальдің ең соңғы сынынан өтеді. Концерттің шымылдығын қазақстандық жас әнші ADAM ашпақ.

Ал, "Жаңа толқын - 2013" халықаралық жас орындаушылар фестивалінің жеңімпаздарын 28 шілде күні қорытынды ретінде өтететін гала-концертте хабарлайтын болады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: tengrinews.kz

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 26 шілде 2013, 12:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.