"Қазақстан Дауысы" шақырады!

"Қазақстан Дауысы" шақырады!

Елімізде «Қазақстан Дауысы» атты жаңа музыкалық жоба ашылмақ, деп хабарлайды шараны ұйымдастырушылар.

Белгілі болғандай, атышулы «Қазақстан Дауысы» музыкалық жобасының қарапайым ән байқауларынан айырмашылығы – қатысушылардың тек дауысқа ғана сүйеніп бақ сынайтындығы. Жүзден аса қатысушылардың ішінен Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кешкенбаев, Нұрлан Албан мен Медеу Арынбаев сынды қазақ эстарадасының жұлдыздары өз командасын жинайтын болады. Тыңдау сынағы кезінде жұлдызды әділ-қазылар алқасының мүшелері қатысушылырдың өздерін көрмей-ақ оларға баға береді. Қорытындысында төрт топ алға суырылып шығатын болады. Ал финалға солардың ішінен тек төртеуі ғана өтеді. Оларды SMS-дауыстар анықтайтын болады. Жобаға 18 жастан 45 жасқа дейінгі қатысушылар қатыса алады. Жоба «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіледі.

Тыңдау сынағы бес қалада өтетін болады:

24 шілде – Семей (Мәдениет Сарайы);

26 шілде – Астана («Опера» караоке-клубы)

27 шілде – Ақтөбе (Жұбанов атындағы филормония)

28 шілде – Ақтау («Абай» ойын-сауық сауда орталығы)

3 тамыз – Алматы («Қазақстан Дауысы» жобасының түсірілім павильоны)

Айта кетерлік жайт, «Қазақстан Дауысы» жобасы осыған дейін басқа да елдерде өткен болатын. Солардың ішінде көршіміз – Ресей де бар. Шоудың жеңімпазы Дина Гарипова "Евровидение-2013" байқауында елінің атын шығарып, бесінші орынға табан тіреген еді. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: facebook.com

А. Әбілхан