Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Дала даусы" Астанада жаңғырды

"Дала даусы" Астанада жаңғырды

Көшпенділер өркениетіне арналған фестиваль түріндегі шараның бірі де, бірегейі де – «Ғасырлар тоғысындағы Астана».

Астананың 15 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған шара аясында «Дала даусы» концерті өтті. Астаналықтар мен қонақтар тамыры тереңге кеткен өнердің қызығынан шыға алмай, шексіз бай рухани ләззат ала алды.

Концертке еліміздің әрі шет елдерден келген дәстүрлі және фольк-орындаушылар қатысып, өнер көрсетті. Кешті дәстүрлі әнші Ақан Әбдуәлі мен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Жанар Мақашева жүргізді.

Қазақтың бүгінге жеткен халық күйлері мен әндері, билері Якутиядан, Алтай өңірі (Ресей) және Таулы Шориядан келген орындаушылардың әрқилы бағыттағы фольк-өнерімен үндесіп, композициялық жарасым тапты. Жеке әншілер қатарында Рамазан Стамғазиев, Чылтыс Таңнағашева, Айгүл Қосанова, Отуков Леонид пен Генадий Самаевтар Астана қаласын толқытып ала кетті.

«Дала даусы» вокалдық өнердің халықаралық радиофестивалі ТМД, алыс және жақын елдердегі дәстүрлі және эстрадалық ән орындаушылар арасында өткізіледі.

Клара Төленбаева мен Рамазан Стамғазиев

"Салтанат" би тобы "Жастар биін" биледі. Сонымен қатар, шамандық өнердің мұрагерлері, көмеймен ән айту шеберлері Отуков Леонид пен Генадий Самаев Қазақстанға тұңғыш келіп отырған жоқ. Олар, "Қорқыт ата және ұлы дала әуені" атты фольклорлық музыка концерттеріне қатысып, еліміздің жұртшылығына етене жақын болған. 

Ал «Алашұлы», «Сақ», «Сазген сазы», «Тұран», «Көк түріктер» сияқты этно-фольклорлық топтар халықтың ықыласына бөленді. Құрманғазының «Ақбақай» күйін домбырашы, сазгер, дәулескер күйші Шәміл Әбілтаев жан тебірентіп орындады.

Чылтыс Таңнағашева, Таулы Шорияның фольк-орындаушысы:

Мен негізінен әртүрлі жанрда ән айтамын. Бірақ осы Астанада өтіп жатқан концертте орындаған әнім «От Эне» нағыз халықтық ән. Бұл тамырымызға терең кеткен жәдігер ретінде танымал ән. Халық болса, дәл осы жанрды, рухани ашыққандықтан болар, жылдам қабылдауда. Санасы оянып, осындай фестиваль өткізуге құлшынып, 15 жылдың ішінде мынадай әсем қала тұрғызып алған қазақ халқынан біздің, яғни таулы шориялықтадың үйренері көп-ақ...

Арнайы Массагет.кз үшін Астанадан: Ардақ Құлтай

11
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 05 шілде 2013, 09:02

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.