"Астана жұлдызында" кім бақ сынасады?

"Астана жұлдызында" кім бақ сынасады?

5 шілде күні Астанада өтетін «Астана жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесі елімізде музыка саласындағы басты шаралардың бірі болмақ. Сонымен 15 аталым бойынша кімдер бас жүлде – жоғары ағып бара жатқан жұлдыз статуэткасы үшін бақ сынасады?    

15 аталым бойынша қатысып отырған 350 үміткер арасынан лайықты деп танылған 45 қатысушы, яғни әр аталым бойынша 3 үміткер іріктеледі. Басты талап орындаушының соңғы 1,5 жылда музыка саласында белсенді болуы.  

Сайыста үздік өнерпаздарды 100 кәсіби маман – еңбегі сіңген әртістер, продюсерлер, сазгерлер, ақындар, музыка және fashion-өндіріс мамандары, БАҚ өкілдері бар Қазақстанның Музыкалық Академиясы таңдайды.    

Екінші кезеңде сол сарапшылардың дауыс беруімен әр аталым бойынша бір, барлығы 15 жеңімпаз анықталмақ. 15 аталым Астана қаласының 15 жылдығы құрметіне орайластырылып отыр.      

1. Жігіттер арасындағы үздік орындаушы     

Жұбаныш Жексенұлы  

Медеу Арынбаев         

Сәкен Майғазиев         

2. Қыздар арасындағы үздік орындаушы         

Алтынай Жорабаева      

Дильназ Ахмадиева        

Маржан Арапбаева        

3. Үздік жігіттер тобы     

«Rin’go»        

«МузАРТ»    

«Орда»     

4. Үздік қыздар тобы          

«Assyl»         

«Tequila»          

«КешYOU»              

5. Үздік дуэт             

«Арнау»       

«Мюзикола»           

«Нұр-Мұқасан»               

6. Үздік этно-топ           

«Белес»          

«Тұран»           

«Ұлытау»            

7. Жаңа тыныс        

Диас Аблаев       

Әли Оқапов           

Жанар Дугалова      

8. Жыл әні         

Ибрагим Ескендір - «Көк тудың желбірегені»        

«Алашұлы» - «Ақтанның жыры»       

«МузАРТ» - «Қазақтай ел қайда»          

9. Үздік мәтін авторы         

Қалқаман Сарин           

Ринат Зайытов          

Фариза Оңғарсынова     

10. Үздік композитор       

 Арман Дүйсенов      

Еркеш Шакеев       

Талғат Сарыбаев         

11. Үздік өңдеуші      

Виктор Хоменков         

Ринат Аубакиров   

Павел Ли     

12. Үздік клипмейкер     

Асқар Ұзабаев       

Братья Задарновские  

Ернар Нұрғалиев      

13. Үздік концерттік шоу            

«МузАРТ»           

«Орда»        

Роза Рымбаева      

14. Ең стильді әнші      

Айгүл Иманбаева        

Лидо      

Мәдина Сәдуақасова       

15. Үздік би тобы             

«Vivat»      

«Гүлдер»        

«Наз»             

Бұл аталым атаулары орыс тіліне аударылмайды, қазақ тілінде ғана қолданылады. Уақыт өте бұл аталым брендке айналуы әбден мүмкін. 

"Астана жұлдызы" ұлттық музыка бәйгесінің жеңімпаздарын 5 шілде күні білетін боламыз.


Ал сіз кімді қолдайсыз?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: facebook.com

С. А