Сылдырмақ - сілкімелі музыкалық аспап

Сылдырмақ - сілкімелі музыкалық аспап

Сылдырмақ – сақпан, асатаяқ, тоқылдақ, қоңырау сынды сілкімелі аспаптардың қатарына жататын қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Шулы-сілкемелі сылдырмақ аспабы тұтасымен қола, мыс, жез секілді металлдар мен шырша, емен, үйеңкі сияқты ағаштардан жасалады. Үн-үйлесіміне байланысты «күлдіреуікті», «сәлпеншекті» деген түрлері бар. Сыртқы келбеті ұстауға ыңғайлы әрі жеңіл болады.

Қазақ халқы ерте заманда көшпенді болғандықтан, аспап күнделікті тұрмыста қажетке жарап, шаруашылыққа қажет бұйым ретінде кеңінен пайдаланған. Кейін сылдырмақ ауылдың алты ауызы айтылған кезде, әуен ырғағын ұстап тұрып, бірте-бірте музыкалық аспаптардың қатарынан орын алды. Сылдырмақ салтанатты діни-ғұрыптық рәсімдерде қобыз, даңғара, дауылпаз, керней сияқты аспаптармен қатар қолданылған. Ал шеберлер болса, аспап сыртқы жағын алтын я күміспен қаптаған.


Сылдырмақ аспабын басқа халықтардың музыкалық аспаптарының арасынан кездестіруге болады. Бұл аспап кішкентай балалардың музыкалық ой-өрісін кеңейтуге, музыкаға баулуға, есту қабілетін анықтау, тәрбиелеу мақсатында кеңінен пайдаланылады.

Суреттер: kupisuvenir.com.ua

Ғ. Ұзақ