Pussycat Dolls әншісі Астана шаһарында ән салмақ

Pussycat Dolls әншісі Астана шаһарында ән салмақ

Астана қаласының он бес жылдығына орай ұйымдастырылатын концерттік шараларды шетелдік жұлдыздарсыз елестете алмаймыз.

Мерекелік шараларды ұйымдастырушылар қала күніне байланысты өтетін "Асқақтай бер, Астана!» түнгі ән-би кешінде шетелдік Pussycat Dolls тобының әншісі Николь Шерзингер де өнер көрсететінін мәлім етті. Бұл жөнінде елорданың Astana.kz ресми сайты Астана қаласының он бес жылдығына байланысты мерекелік жиындарды ұйымдастыратын комитетке сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қазақстанға белгілі жарқын жұлдыздар мен шетелдік ән өнерінің майталмандары Астана шаһарының аспанын әнге бөлейтін «Асқақтай бер, Астана!» түнгі ән-би кеші жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Осымен бірнеше рет Арқа төрін дүркіреткен концерттік шара брендке айналып та үлгерді.

Бұл жылы концерт «Сарыарқа» республикалық велотрегінің алдында өтеді. Николь Шерзингерден басқа сахна төрінде "А-Студио", "Дискотека Авария", Потап пен  Настя, Son Pascal, соынмен қатар Луина, Әли Оқапов, "Assyl" этно-тобы, "Арнау" дуэті, K-Rim және басқа да өнер жұлдыздары өнер көрсететін болады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: all-hd-wallpapers.com

А. Әбілхан