PSY Мәскеудегі ең үлкен номерді сұрады...

PSY Мәскеудегі ең үлкен номерді сұрады...

Оңтүстік кореялық рэпер PSY 7-маусымда "МУЗ-ТВ Жүлдесі" (Премия МУЗ-ТВ) үшін өтетін концертте өнер көрсетеді деп күтілуде. Осыған байланысты ол ұйымдастырушыларға өз талаптарын қойып үлгеріпті. 

Әнші АҚШ-тан жеке ұшағымен Мәскеу қаласына 6-мамыр күні 18 адаммен бірге келіп қонбақ екен. Ресей баспасөздері жазғандай, PSY ұйымдастырушылаға ең басты екі талап қойған. Оның біріншісі қонақ үйден 350 шаршы метрлік жеке номер. Ал Мәскеуде ондай мүмкіндікке тек "The Ritz-Carlton" отеліндегі жалғыз люкс ие екен. Екінші қойған талабы - қала ішіндегі қозғалыс үшін әнші екі қымбат көлік пен алты оққағар сұраған.

Сондай-ақ рэпер асына қоятын талабымен де көпшілікті таң қалдырды. Анықталғандай PSY вегетарианшыл болып шықты. Өзі айтқандай оның номері мен грим бөлмесінде тек қуырылған картоп, жаңа піскен жемістер және минералды судың болуы міндетті.   

Айта кетейік, PSY 26-мамыр күні Алматының "Медеу" мұз айдынында да концерт беруі керек еді. Алайда кейін ол белгісіз жағдайларға байланысты өтпейтін болды. Ал оған дейін рэпер Астана қаласына 8-мамыр күні KZ Music Award-2013 кеші аясында келетін болып еді. Ол жолы ұйымдастырушылар әншінің әлемдік турнеден қолы босамай жатқандығы себепті концерттің кейінге қалдыратынын мәлімдеді.  


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ntv.ru

Б. Қосмағамбет