Алматылық мектеп оқушысын бірден әлемдегі 4 өнер колледжі шақырды

Алматылық мектеп оқушысын бірден әлемдегі 4 өнер колледжі шақырды

Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Далес Мыңжасар әлемдегі жетекші төрт өнер колледжіне оқуға шақырылды.

Оған "Массачусетс өнер және дизайн колледжінен", "Чикаго өнер институтынан" (SAIC), "Ринглинг өнер және дизайн колледжінен", Мадридтің "Сент-Луис университетінен" (SLU) ұсыныс түскен. Сонымен қатар, Далес Лесханқызы тағы екі университеттен шақыру күтіп отыр.

Далес Мыңжасар картинасы

"Конкурсқа дайындықтың негізгі кезеңі – бұл шығармашылық портфолио бойынша жұмыс. Шығармашылық мамандыққа келу туралы шешімнің кешігіп қабылданғандығына байланысты менде үш айдың ішінде 25 толыққанды туынды салуға тура келді", - дейді Далес.

Жас суретшінің картиналарында терең философиялық мән бар

Мұғалімдер маған құжаттар жинауда, эссе мен ұсынымдық очерк жазуда көмектесті, - дейді Далес.

Аталған университеттер түлектерге стипендия ұсынатынын атап өткен жөн. Яғни, бұл студенттің жетістіктеріне негізделген стипендия.

Далес Мыңжасар "Бейнелеу өнері бакалавры: компьютерлік анимация" мамандығын игергісі келеді.