"Қазақстанның тұмса табиғаты - 2021" фотобайқауы жарияланды

"Қазақстанның тұмса табиғаты - 2021" фотобайқауы жарияланды
Фото: photocontest.kz

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі National Geographic Qazaqstan журналымен бірлесіп "Қазақстанның тұмса табиғаты - 2021" атты бірінші республикалық фотобайқау өткізеді.

"Қазақстанның тұмса табиғаты - 2021" фотобайқауының мақсаты – қоршаған ортаны құрметтеу идеясын кеңінен насихаттау, адам мен табиғаттың өзара әрекеттесу мәселелеріне қоғам назарын аудару, табиғи әртүрлілікті сақтау және табиғатты қорғауға бағытталған іс-шараларды қолдау.

Фотобайқаудың номинациялары

Фотобайқауға келесі номинациялар кіреді:

- Қазақстанның құстары мен жануарлары - олардың табиғи тіршілік ету ортасындағы құстар мен жануарлардың фотосуреттері;
– Жануарлар мен төлдер – табиғат аясындағы жан-жануарлар мен төлдерінің таңғажайып сәттері;
- Maкроәлем - макро форматтағы фотография;
- Қазақстанның пейзаждары - Қазақстанның жабайы табиғат ландшафттарының суреттері;
- Жабайы табиғатты қорғаушылар - жануарларды, табиғатты және басқа қамқор адамдарды құтқару туралы фото-оқиғалар.

Сыйлық қоры – 1 500 000 теңге.

Әр номинация жеңімпаздарына 300 000 теңге ақшалай сыйлық беріледі!

Жұмыстар 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап 4 сәуірге дейін қабылданады.

Конкурсқа 18 жастан асқан ҚР азаматтары әуесқой мен кәсіпқой фотографтар қатыса алады.

Қатысушылар байқаудың әр номинациясына 2 жұмыстан жібере алады. Байқаудың жалпы ережесімен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

Байқаудың қорытындысы 2020 жылдың 14 сәуірде мәреге жетіп хабарланады.

Т. Раушанұлы