World Press Photo 2019 жылдың үздік суреттерін жариялады

World Press Photo 2019 жылдың үздік суреттерін жариялады

16 сәуірде World Press Photo халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы байқау сайтында жарияланды. World Press Photo байқауы 1955 жылдан бері өткізіліп келеді. Нәтижелер жарияланғаннан кейін конкурс жеңімпаздарының жұмыстары көрмеге қойылады, оған кез келген көрермен бара алады. Байқау тоғыз номинация бойынша өткен. Назарларыңызға аталған байқаудан әр номинация бойынша гран-при алған суреттерді ұсынамыз.

"Жыл фотосы" номинациясында жапон фотографы Ясуёси Тиба жеңімпаз атанды. Ол Судандағы 2018 жылғы желтоқсанда басталған наразылық акцияларын суретке түсірген. Наразылық білдірушілер президент Омар әл-Баширдің биліктен кетуін талап етті. 2019 жылдың сәуірінде әскери төңкеріс нәтижесінде әл-Башир отставкаға кетті. Алайда наразылық шерулері жалғасып, қарулы шабуыл салдарынан 100-ден астам адам қайтыс болды.

Үздік фоторепортаж

© Romain Laurendeau

Бұл – жас алжирліктер мен олардың "Бауырым, көтеріліс қалай басталды?" акциясына қатысқаны туралы фоторепортаж.

ЮНЕСКО есебіне сәйкес, Алжирде 30 жасқа дейінгі жастардың 72 пайызы жұмыссыз. Лорендо қаланың жұмыс істейтін аудандарында тұратын алжирлік жастардың арасында 5 жыл бойы жүріп, олардың фотогалериясын жасаған. Жастардың көпшілігі футбол мен фанаттар мәдениетіне қызығушылық танытады. Наразылық акциясына жиі қатысады.

"Мен өзімді бұл жастармен салыстыра алмаймын. Олар жас, бірақ кедейліктен шаршаған және басқа адамдар сияқты өмір сүргісі келед", - деді Лорендо.

 Бұл фотосурет "Жобалар" номинациясында жеңіске жеткен.

Қазіргі заманның проблемалары. Гран-при

 

© Никита Терешин, Берлин

Көрме күнінің соңында IDEX халықаралық қару-жарақ көрмесіне қатысушы екі гранатаны алып кетіп бара жатыр. Абу-Даби, БAӘ, 18 ақпан, 2019 жыл.

IDEX – бұл Таяу Шығыстағы ең ірі қару-жарақ конференциясы. Сонымен қатар, ол әлемдегі ең ірі қару-жарақ жәрмеңкелерінің бірі. Қанша адам келгені туралы ресми мәліметтер жария етілмейді

Қазіргі заманның проблемалары. Фоторепортаж. Гран-при

© Lorenzo Tugnoli / The Washington Post

"Талибан" әскерилері туралы "Көп жылдық соғыс" фоторепортажы. Суретте Абдул Рахман (20 жаста; ортада) Ауғанстанның шығысындағы Хогяни ауданында бір топ әскерилермен бірге жүр. Жауынгер болмай тұрып ол фермер болған және бомбаны залалсыздандыру кезінде қолынан айырылған.

АҚШ  Ауғанстанға бастырып кіргелі он сегіз жыл өтсе де, "Талибан" әлі күнге дейін елдің жартысын басқарып келеді. 2019 жылдың қаңтарында басталған бейбіт келіссөздер бітіммен аяқталмады, керісінше әскери әрекеттер күшейе түсті. Бейбітшілік және экономика институты 2019 жылдың маусымында жариялаған баяндамада Ауғанстанды Сириядан асып түскен әлемдегі "тыныштығы бұзылған" ел деп атады.

Қоршаған орта. Гран-при 

© Esther Horvath / The New York Times

Солтүстік Мұзды мұхиттың орталық бөлігіндегі арктикалық климаттың өзгеруін зерттейтін ғылыми экспедиция құрамына кіретін кеменің жанындағы ақ аю мен қонжығы.

"Поларштерн"  – экспедицияның кемесі, ол өте төмен температурада жұмыс істеуге және қалың мұздырды жарып өтуге арналған. Кемеде шамамен 100 зерттеуші мен экипаж мүшелері жыл бойы жұмыс істейді. Зерттеушілер жинаған атмосфера, мұхит суының құрамы, мұз, экожүйе және биогеохимия туралы мәліметтер ғаламдық ауа райы зерттеулеріне қосылады.

Қоршаған орта. Фоторепортаж. Гран-при

© Luca Locatelli / National Geographic

"Қоқыстың соңы" фоторепортажы. Amager Bakke – бұл Копенгаген (Дания) маңындағы ескі зауытты орнына салынған қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт. Жоспарға сәйкес зауыт кем дегенде 60 мың үйді энергиямен және 72 мың үйді жылумен қамтамасыз етеді. Жетілдірілген сүзу технологиясы зиянды азот оксидтерінің шығарылуын нөлге дейін төмендетеді.

Жаңалықтар. Фоторепортаж. Гран-при

© Nicolas Asfouri / Agence France-Presse

"Гонконгтағы тәртіпсіздік" фоторепортажы. Гонконгтағы наразылықтар үкіметтің қолданыстағы заңнамасына өзгертулер енгізу және құрлықтық Қытайға экстрадициялауға рұқсат беру туралы ұсыныстарына жауап ретінде 2019 жылдың наурыз айының соңында басталды. Келесі апталарда үкіметке қарсы наразылықтар күшейе түсті. 12 маусымда заңнама кеңесі ғимаратының алдына он мыңдаған адам түзетулер туралы пікірталас қарсаңында жиналды. Полиция оларды аяусыз басып-жаншып, таратып жіберді.

1 қазанда Қытай Халық Республикасының жарияланғанына 70 жыл толуы мерекесі кезінде полиция наразылық білдірушілерге бірінші рет оқ жаудырды. Заң жобасы кері қайтарылды, бірақ наразылық білдірушілер өздерінің талаптарын кеңейтті, оның ішінде бұрын қамауға алынған наразылық білдірушілерді босату да болды. Жаппай тәртіпсіздіктер жыл соңына дейін жалғасты.

Табиғат. Гран-при

© Alain Schroeder

"Соңғы жүздесу" фоторепортажы "Табиғат. Фоторепортаж" номинациясының жеңімпаз атанды. Суретте Субулуссалам маңындағы құтқару тобының жұмыс үстеліндегі бір айлық орангутанның денесі бейнеленген (Суматра, Индонезия).

Жануар жарақаттанған анасымен бірге пальма майының плантациясында табылғаннан кейін көп ұзамай өлген. Құтқарушылар Хоуп атты орангутанды баласымен, сүйектері сынып, жараланып жатқан (74 оқ жарақаты) жерінен  тауып алған. Оны ауыл тұрғындары өз бақтарынан жеміс жеген кезде атып тастаған.

Орангутандар әлемдегі тек екі аралда - Суматра және Борнеода тұрады. Жылда өмір сүру ортасы тарылып бара жатқан жануарлар санатына кіреді. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының мәліметі бойынша, әлемде небәрі 14 мың Суматра орангутаны қалған. Олар әр баласын 8-9 жыл бойы тәрбиелегеннен кейін популяциясы тез төмендеп бара жатыр.

Портреттер. Гран-при

© Tomek Kaczor / Gazeta Wyborcza

Суретте "седация" синдромына байланысты кататоникалық күйден қалпына келген 15 жастағы армян қызы – Ева бейнеленген. Ол Польшадағы Подкове-Леснедегі босқындарды қабылдау орталығында ата-анасының қасында мүгедектер арбасында отыр. Седация синдромы пациенттерді пассивті, сөйлеу, тамақ ішуге және жүруге қабілетсіз етеді. Синдром қашып жүрген балаларда жиі кездеседі және алғаш рет 90-шы жылдардың соңында байқала бастаған.

Ауыр зорлық-зомбылық, көбінесе ата-аналарына қатысты зорлық-зомбылық жағдайларына куә болған және отбасылары өте қауіпті ортадан қашып кеткен балаларда кездеседі. Ремиссия және қалыпты өмірге біртіндеп оралу өмір жағдайлары тұрақтанғаннан кейін ғана пайда болады. Еваның отбасы Швециядан саяси пана сұраған. Қыздың ауруына қарамастан, отбасы Польшаға жер аударылды. Ал сегіз айдан кейін Ева толықтай сауығып кетті.

Портреттер. Фоторепортаж. Гран-при

© Adam Ferguson / The New York Times Magazine

"Ұрланғандар" жобасы. Суретте 2014 жылы ИГИЛ ұрлап кеткен және 2019 жылдың басында Ирактың Дохук қаласындағы Ханка лагерінен босатылған 11 жастағы Резан бейнеленген.

ИГИЛ Ирактың солтүстігіндегі Мосул төңірегінен шегінгеннен кейін мыңдаған тұтқындар босатылды. Суретші Ирактың солтүстігіндегі босқындар лагерлерін, ИГИЛ содырларынан құрбан болған Езидтерді және басқаларды суретке түсірген. Езидтерді содырлар шайтанға табынушылар ретінде қабылдайды. ИГИЛ 2014 жылы Ирактың солтүстігіндегі езид жерлеріне басып кіргенде, 5 мыңға жуық ер адамды өлтірген, әйелдер мен қыздарды тұтқындаған. Ал ұлдарды болашақ сарбаз ретінде оқытқан. Соғыстың кесірінен 500 мыңға жуық езид бас сауғалауға мәжбүр болған.

Спорт. Гран-при

© Mark Blinch / NBAE

Ұлттық баскетбол қауымдастығы (MBA) плей-офф Шығыс конференциясының жартылай финалындағы жетінші ойын. "Торонто Рэпторс" ойыншысы жеңіс добын торға салу сәті.

Спорт. Фоторепортаж. Гран-при

© Wally Skalij / Los Angeles Times

"Күлден қайта туғандар" фоторепортажы. Paradise Bobcats ойыншылары орман өртінен кейін алғашқы ойынға дайындалып жатыр. Парадайздан (Калифорния, АҚШ) келген футбол командасының мүшелері команданы қайта құру және жаңа маусымды бастау үшін өз алаңдарына оралды. Өрт Калифорния тарихындағы ең жойқын орман өртіне айналды. Парадайз толықтай жанып кетті, бірақ орта мектеп регби алаңына зиян тимеген.

Шұғыл жаңалықтар. Гран-при

© Wally Skalij / Los Angeles Times

Суретте Алжирдегі үкіметке қарсы наразылық кезінде студенттер мен полиция арасындағы қақтығыстар бейнеленген.

Алжирде наразылықтар ақпан айында басталды. Олардың бастапқы мақсаты елді 1999 жылдан бері басқарып келе жатқан 81 жастағы Абдел Азиз Бутефликаны биліктен құлату болды. Сәуірде Бутефлика отставкаға кетіп, билікті әскерилер бастаған уақытша үкіметке тапсырды, бірақ наразылықтар сонда да жалғасты. Наразылық білдірушілер 4 шілдедегі президент сайлауын тоқтатуды және демократияға оралуды талап етті.

Шұғыл жаңалықтар. Фоторепортаж. Гран-при

© Mulugeta Ayene / AP

10 наурызда, рейстен бірнеше минут өткен соң, Эфиопия әуе компаниясының Boeing 737 MAX 8 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ол Аддис-Абебадан Найробиге ұшқан. Ұшақ бортындағы 157 адамның барлығы қаза тапты. Бір аптадан кейін жерлеу рәсімі өтті. Сегіз ай өткен соң, 14 қарашада оқиға орнына топырақ төгіліп, құрбан болғандардың белгісіз қалдықтары жерленді. Апатқа ұшақтың техникалық ақауы себеп болған.