Далидің туындылары қолды болды

Далидің туындылары қолды болды
Фото: lenta.ru

Швецияның Стокгольм қаласындағы Куль галереясынан суретші Сальвадор Далидің 10-12 қоладан жасаған мүсіні мен гравюралары ұрланған. Бұл туралы галереяның иесі Педер Энстрем Aftonbladet басылымына хабарлаған.  

30 қаңтар күні қылмыскерлер Audi маркалы көлікке суретшінің туындыларын тиеп алып кеткен. Полиция әзірге оларды таба алған жоқ. 

Былтыр 15 қазанда Сан-Францискодағы галереядан Далидің 20 мың долларға бағаланған “Өртенген керік” картинасын ұрылар 32 секунд ішінде қолды еткен. 

Айта кетейік, Сальвадор Дали – испан суретшісі, графигі, мүсінші, режиссёр, жазушы. Сюрреализм жанрында салатын суретшілердің бірі.

Т. Раушанұлы