Мона Лизаның 3D нұсқасы

Мона Лизаның 3D нұсқасы
Фото: engadget.com/

Жаңа жоба барысында Лувр мұражайы HTC (High Tech Computer Corporation) біріге отырып, Мона Лизаның 3D нұсқасын жасап шықты.

Виртуалды шындық көмегі арқылы Лувр мұражайына бара алмайтындар, үйден шықпай-ақ әйгілі картинаны тамашалай алады. HTC мамандары Vive Cosmos арқылы көруге болатын арнайы бөлменің сызбасын жасады. Құрастырушылар ұзақ уақыт бойына да Винчидің шығармашылығын зерттеген. Өйткені, олар Мона Лизаның бет-бейнесін, одан бөлек, оны қоршаған ортаны түпнұсқаға сәйкес жасауға тырысқан. 

Дизайнерлер инфрақызыл және рентген сәулелерін қолданған. Топ тек Моно Лизаның физикалық ерекшеліктерін ғана емес, оның киімдерін оның қозғалысына сәйкес өзгеруін қамтамасыз еткен. Бұл сандық тәжірибе Лувр мұражайы бастаған жастар арасындағы өнерді үгіттеу жобасының аясында жүргізілген.

Т. Есқали