Экзюпери салған суреттер табылды

Экзюпери салған суреттер табылды
Фото: vk.com

Швейцариялық коллекционер Бруно Стефанинидің мұрағатынан "Кішкентай ханзада" туындысының авторы Антуан де Сент-Экзюпери салған суреттер табылды.

Олар Швейцарияның солтүстігіндегі ескі үйде өзге де өнер туындыларымен бірге сақталған. Табылған эскиздер қытай сиясымен және акварельмен салынған. Стефанини оларды 1986 жылы аукцион кезінде сатып алған екен.

Табылған суреттердің ішінде автор кейіпкерлері, атап айтқанда, кішкентай ханзада мен түлкінің, қалпақтың бейнелері бар. Сондай-ақ Экзюперидің әйелі Консуэло Сандовальға жолдаған махаббат хаты да табылды.

Естеріңізге сала кетейік, соғыс кезінде жазылған "Кішкентай ханзада" 1943 жылы Нью-Йоркте жарық көрген. Кітап Антуан де Сент-Экзюперидің өзі иллюстрациялармен безендірілген. 1946 жылы кітап Францияда жазушы қайтыс болғаннан кейін жарық көрді.

А. Оралқызы