Сәби болғым келеді: Жүректі жаулаған суреттер

Сәби болғым келеді: Жүректі жаулаған суреттер
Фото: vk.com

Кішкентайлардың бәрі есейсем деп армандаса, ересектер балалық шағын сағынады. Уақыт машинасына мініп ап, ата-әженің ертегісін тыңдап ұйықтайтын кезеңге қайта оралғысы келеді.

Техника қанша дамыса да, мұндай құрылғы әлі пайда болған жоқ. Десе де, өнер деген құдірет қиял сапарына жетелей алатын қасиетке ие. Мұны ирандық суретші Али Мири тағы бір дәлелдеді. Өзге елде өсіп-өнген  болса да, Қазақстан жұртшылығын жанға шуақ ұялатқан суреттерімен баурап алды. Өйткені, кейіпкерлері бала кездегі өзімізден айнымайды. Сіз де тамашалап көріңіз.

А. Оралқызы