Жұбайының тыңшы екенін білмеген мүсінші

Жұбайының тыңшы екенін білмеген мүсінші
Фото: vk.com

1922 жылы мүсінші Сергей Коненков 48 жасқа қараған шағында 27 жасар Маргарита Воронцоваға үйленеді.

Бір жылдан кейін олар Құрама Штаттарға көшіп барады. Бірақ, бір қызығы, Маргарита тарихта мүсінші Сергей Коненковтың жұбайы ретінде емес,  Кеңес Одағының шпионы және Альберт Эйнштейннің соңғы махаббаты ретінде қалды. Бұған 1998 жылы Sotheby's бәссаудасына қойылған хаттар дәлел бола алады.

Сондай-ақ, Маргарита Коненкова Эйнштейн арқылы «атом бомбасының әкесі» Роберт Оппенгеймермен танысқан. Кеңес Одағы билігі мүсіншінің әйелі арқылы америкалық ядролық қару туралы құнды ақпараттар алып отырған.

А. Оралқызы