Грабарь бір картинаға өзінің екі әйелін бейнелеген

Грабарь бір картинаға өзінің екі әйелін бейнелеген

«Жұбайлар» көрмесінің басты картинасы ретінде Игорь Грабарьдың «Гүлкекірелер» («Васильки») туындысы таңдалған.

Суретші бұл суретте өзінің екі әйелін бейнелеген, бірақ о кезде шебер тағдырының солай боларын білмеген еді. Кенеп кейіпкерлері —  әпкелі-сіңлілі Валентина мен Мария.

Валентинамен Грабарь суретші Николай Мещериннің үйінде танысқан. Кейін 1913 жылы олар үйленеді. Жас жұбайлардың отбасында ұл мен қыз дүниеге келеді. Бірақ, ойламаған жерден Валентина психикалық ауруға шалдығады. Грабарь әйелін қанша емдеткісі келсе де, нәтиже болмайды. Біраз уақыттан кейін Валентина із-түссіз жоғалып кетеді. Кейін балалар тәрбиесімен Валентинаның сіңлісі Мария айналысады. Уақыт өте келе ол суретшіге тұрмысқа шығып, екінші жұбайы атанады.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Бүгін үш ойын өтеді