2018 жылдың ғарышқа қатысты ең үздік фотосуреттері

2018 жылдың ғарышқа қатысты ең үздік фотосуреттері
Фото: iz.ru

Гринвичтегі Британия корольдігі обсерваториясы жыл сайын өтетін "Insight Astronomy Photographer of the Year" байқауының биылғы жеңімпаздарын анықтады.

Байқаудың жеңімпазы фотограф Брэд Голдпейнтке бұйырды. Оның суретінде Юта штатындағы шөл далада "Сабан жолы", "Андромеда галактикасы" және жартас шетінде оларды телескоппен бақылап тұрған адам бейнеленген. Жеңімпаз 10 мың доллар ақшалай сыйлық алды. Сонымен бірге, Брэдтің бұл жұмысы "Адам және ғарыш" саласында да ең үздік сурет деп бағаланған.

Бас жүлде мен "Адам және ғарыш" номинациясындағы ең үздік фотосурет

 автор: Brad Goldpain

"Галактикалар" номинациясы

 автор: Steven Mohr

Байқауға 15 мыңдай сурет келіп түскен. Төмендегі сурет 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында түсірген "Жас фотограф" номинациясын жеңіп алды. 

автор: Fabian Dalpiaz

"Солтүстік шұғыласы" номинациясы

автор: Nicolas Lefaudeux

"Ең үздік фотографтық дебют " номинациясы

автор: Tianhong Li

"Планеталар, кометалар және астероидтар" номинациясы

автор: Martin Lewis

"Біздің Ай" номинациясы

автор: Jordi Delpeix Borrell

"Біздің Күн" номинациясы

автор: Nicolas Lefaudeux

Шорт-листке 25 сурет таңдап алынған. Төмендегі фото "Жұлдыздар мен сағымдар" номинациясын жеңіп алған. 

автор: Mario Cogo

"Аспан пейзажы" номинациясы

автор: Ferenc Szémár

"Жасанды санаға ие телескоп" номинациясы

автор: Damian Peach

Қазылар алқасы 12 сала бойынша жеңімпаздарды анықтаған. 24 қазанда Гринвичтегі Ұлттық мұражайда байқаудың ең үздік суреттер көрмесі ашылды.

Т. Раушанұлы