Пикассоның музасы Франсуаза Жило туындылары жарияланды

Пикассоның музасы Франсуаза Жило туындылары жарияланды
Фото: vk.com

Taschen баспа үйі суретші Франсуаза Жило туындыларының жинағын шығарды. Көпшілік оның шығармашылығымен таныс емес, өйткені Франсуаза, ең алдымен, Пикассоның музасы ретінде атақты еді. Өмірінің осы бөлігіне арнап 1964 жылы "Менің Пикассомен өткен өмірім" аталатын мемуарларын да жариялаған.

Жило шығармашылығына арналған кітапқа 1974-1981 жылдар аралығында салынған 3 альбом енген. Ондағы суреттер Венеция, Индия мен Сенегалға жасаған сапар кезінде жазылған.

"Егер бір нәрсені ойлап тауып, оны сөзбен сипаттай алатын болсаң, сен қиялыңдағыны жүзеге асыра аласың ", - деген екен Жило The New York Times басылымына берген сұхбатында. Осы секілді суретші де атақты күйеуінің көлеңкесінде қалмай, өз өнеріне табынушылардың табыларын сезгендей. 

А. Оралқызы