"Мона Лизаның" әлемдегі ең атақты картина атануына әсер еткен оқиға

"Мона Лизаның" әлемдегі ең атақты картина атануына әсер еткен оқиға
Фото: vk.com

1911 жылы тамыз айында Леонардо да Винчидің  "Мона Лизасы" Луврдан  ұрланды. Картинаны екі жылдан кейін Флоренциядан тапқан. Ұры болса, бар болғаны әділеттілік орнағанын қалайтынын айтып, өзін ақтамақ болады. Оның ойынша, Наполеон ұрлап кеткен шедевр туындыны Италияға қайтару қылмысқа баланбауы тиіс екен. 

Винченцо Перуджиа есімді суретші 1911 жылы картинаны ұрлағаннан кейін, Париж полицейлері оған іздеу салып "Джоконданың" 6,5 мың суретін түрлі газеттер мен журналдарға басып шығарады. Осы оқиғаға дейін қазір аса құнды туынды ретінде бағаланатын картина туралы ақпарат тек интеллигенттер ортасына ғана мәлім еді. 

Бір қызығы, полицейлер бұған күдікті ретінде бірден Пабло Пикассоға шыққан. Одан бірнеше мәрте жауап алған. Пикассо айтарлықтай сескеніп, осыған дейін ұрлаған бірнеше мүсінін өткізіп жібермек болады. 

А. Оралқызы