Өнер туындылары енді биткоинмен бағаланады

Өнер туындылары енді биткоинмен бағаланады
Фото: vk.com

Лондонда әлемдегі алғашқы блокчейн-арт-бәссауда болып өтті.

Аталған шараны Maecenas блокчейн-платформасы мен Dadiani Syndicate галереясы бірлесе ұйымдастырған. Онда атақты Энди Уорхолдың картинасы ең жоғары бағаға өтті.

"14 шағын электр орындықтар" (1980) аталатын туындыны алуға онлайн-платформа ерекше жеңілдік жасаған. Картинаның 49 % акциясын биткоинға немесе Maecenas компаниясының арнайы ART валютасына айырбастау ұсынысы жарияланды. Бағасы £ 4,2 миллионды құраған, яғни, бұл 850 биткоинға тең. Компания арт-нысандарды толық сатып алмай, оған қаржы  құюға шақырады.  

А. Оралқызы