Рубенс мекен еткен сарай

Рубенс мекен еткен сарай
Фото: vk.com

Ұлы қылқалам шебері Рубенс мекен еткен сарайда тұру мәртебесіне қол жеткізу үшін $ 4,9 миллион керек. Сарай осындай бағада сатылымға шығарылды.

Әрине, Еуропаның түкпір-түкпіріндегі түрлі сарайлар күнде саудаға түсіп жатады. Десе де, біз әңгімелеп отырған нысанның орны бөлек. Олай болатын себебі, ол өнер тарихымен тығыз байланысты.

Бельгияның Элевейт аталатын шағын ауылындағы Стеен сарайында фламандық суретші Питер Пауль Рубенс өмірінің соңғы 5 жылын өткізген. Ол Брюссельден жарты сағаттық жерде орналасқан екен. 1635 жылдың мамыр айында иелік етіп, ол жердегі ферма мен шағын тоғанды да өз меншігіне алған. Ал, оны енді сатып алатын адамға тек сарайдың өзі ғана емес, оның жанындағы 3 нысан қоса беріледі.

Сарайдың жеке шіркеуі бар. Бұл үй 6 жатын бөлме, 4 бөлмелі вилла, мұнара және 4 автокөлік сиятын гараждан тұратын құмтастан соғылған. Стейн интерьерлерінің басым бөлігінде паркетті еден төселген. Бөлмелердің бірінде Рубенс гербі ілулі тұр. 2009 жылы сарай сәулет мұрасының нысаны мәртебесіне ие болды.

Сарайды осы жағдайда ұстап тұру үшін де біраз қаржы жұмсалады екен. Engel & Völkers аталатын жылжымайтын мүлік сарапшысы Кристоф фон Шенктің айтуынша, оған жылына $ 118 миллион ақша бөлінуі керек.

Питер Пауль Рубенс. «Стеен сарайының таңғы көрінісі»

Питер Пауль Рубенс өз сарайын бірнеше картинасында бейнелеген. Олардың ішіндегі ең атақтысы — «Стеен сарайының таңғы көрінісі». Кенеп 1636 жылға жатқызылады. Оны Лондон Ұлттық Мұражайынан көруге болады.

А. Оралқызы