Леонардо да Винчидің көрінбейтін суреттері табылды

Леонардо да Винчидің көрінбейтін суреттері табылды
Фото: vk.com

Ұлыбританияда суретші Леонардо да Винчидің өмірден өткеніне 500 жыл толуына орай «Леонардо да Винчи: Сурет өмір» атты көрме өтеді. Онда данышпанның әдеттегі көрмелерде қойылатын дәстүрлі жұмыстарды емес, да Винчи картиналарындағы жасырын бейнелерді тамашалау мүмкіндігі туады.

Көптеген зерттеулерден кейін ғалымдар инфрақызыл сәуле арқылы да Винчи суреттерінде жасырылған сызбалар бар екенін анықтады. Олар бір қарағанға таза, ештеңе бейнеленбеген қағаз парақтарынан көрінеді екен. Сондай парақтардың бірінде «Сиқыршылар сыйы» шығармасының эскиздері орналастырылды.

Шын мәнінде, суретші ешқандай құпия хабарламалар қалдыруды көздемеген. Ғалымдар да Винчи сурет салғанда пайдаланған металл қаламның құрамында мыстың көп болуы салдарынан ғасырлар бойы сақталған сызбалар көзге көрінбейтіндей түссіз болып кеткенін айтады. Химиялық реакция нәтижесінде мыс пен болат сульфаты мөлдір түске айналады.

«Леонардо да Винчидің ұлы туындыларынан тек оның сызбалары мен қолжазбалары ғана аман, өйткені көзінің тірісінде жасаған суретші жұмысының көпшілігі уақыт өте келе жоғалып не  жойылып кеткен,» - дейді көрме ұйымдастырушылары, Royal Collection тресінің өкілдері.

«Леонардо да Винчи: сурет өмір» көрмесі 2019 жылы 1 ақпаннан бастап 6 мамырға дейін Ұлыбританияның  әр түрлі мұражайларында өтеді. 24 мамырдан 13 қазанға дейін барлық суреттер Букингем сарайында көрсетіледі. Көрмеге да Винчидің 144 туындысы қойылады деп жоспарлануда. Бұл соңғы 65 жылдағы суретшінің ең ірі көрмесі болмақ.

А. Оралқызы