Ван Гог картинасынан шегіртке қалдығы табылды

 Ван Гог картинасынан шегіртке қалдығы табылды
Фото: vk.com

Ұлы қылқалам шебері Винсент Ван Гогтың "Зәйтүн ағаштары" картинасынан шегіртке қалдығы табылды.

Бұл жаңалықты АҚШ-тың Канзас қаласындағы Нельсон-Аткинс өнер мұражайы сарапшылары хабарлады. Алдымен, олар бөгде затты жапырақ екен деп ойлаған. Кейін, арнайы құрылғылармен үлкейтіп қараған кезде, оның жәндік екені белгілі болды.  

Осыдан 128 жыл бұрын салынған суреттен осындай дүние табу, расымен, қызықты жағдай. Жәндік суретші жұмыс істеп жатқан кезде кенептегі бояуға түскен болса керек. 

А. Оралқызы