Татсуйа Танака: "Ең кішкентай күнтізбе"

Татсуйа Танака: "Ең кішкентай күнтізбе"
Фото: ilingstore.net

Татсуйа Танака (Tatsuya Tanaka) – жапон суретшісі. Оның туындылары сіз ойлағаннан әлдеқайда басқа бағытта. Сурет өнерін тек қағаз бен қаламға тіреп қоймаған автор, өзінің келесі туындыларын ерекше бір дүниеге арнаған. "Ең кішкене күнтізбе" деп атаған туындысы кез келген адамды бей-жай қалдырмайды. Себебі оның бұл туындыларына күнделікті тіршілік суреттелген. Бірақ суреттің күшімен емес, ең кішкене ойыншық түрлерімен безенділірген. 

Қарапайым қатира және ойыншық адамдардан жасалған "Жағалауда" туындысы. 

Татсуйа Танака (Tatsuya Tanaka) бұл өнер түріне 2011 жылдан бастап келген. Яғни бүгінге дейінгі сурет өнерінің жемісі осы деуге болады.

Бұған не дейсіз?

Әрбір қиынды, наның қоқымы, күнделікті тұрмыста пайдаға асатын заттардың бәрі дерлік автордың көзінше болғанда, өзінше бір өнер түрі. 

Фаст-фуд түрлері, бөтелке қақпақтары, міне бұлар Татсуйа Танаканың құралдары. Олар арқылы үлкен әлемді кішкене ғана дүниеге айналдырып отыр. 

Жер бетінен тыс Марсқа, айға сапар сәтін жеткізген "Ғарышкерлер" туындысы.

"Махаббат бағы". 

"Бейбітшілік" мүсіні, Татсуйа Танаканың көзімен...

Туындыға қарап "инстаграм" әлеуметтік желісінің белгісі есіңізге түсті ме? Иә, бұл автордың әлеуметтік мәселені көтеруге бағыт алған ойы.

"Африкаға саяхат"

Қарапайым ғана бөтелке. Бірақ автор оның өзін қалай түрлендіріп жіберген.

Бұл көрініс сізге таныс. Бірақ дәл бұлай елестетіп көрген жоқсыз. 

"Кішкене матрица" туындысы.

"Ноталар" туындысы.

Спорт сүйер қауымға арналған "Үлкен теннис" туындысы.

М. Ақан