Жапон суретшісі ғарышқа гүл ұшырды. Неге?

Жапон суретшісі ғарышқа гүл ұшырды. Неге?
Фото: azumamakoto.com

Жапон суретшісі Азума Макото бірнеше гүл мен бонсай қарағайын арнайы шарға байлап, ғарышқа ұшырды. Ол шарларға GoPro камераларын орнатып, аспанда қалықтаған өсімдіктерді суретке түсіріп алған. "Экзобиотаника" деп аталатын бұл жоба ғаламшарымыздан жоғалып жатқан гүлдердің әдемілігін ашып көрсетуге бағытталған.

Айта кетерлігі, Азума Макото бұған дейін де табиғатты қорғау мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырған. Ол әлем жұртшылығына суретші ғана емес, флорист, дизайнер және зерттеуші ретінде де танымал. Өсімдіктерден нағыз өнер туындыларын жасауға құмар өз ісінің шебері бүгінде "Гүлдер бағы" ("Jardins des Fleurs") атты дүкендер желісін басқарып отыр.

Y. Almabek