"Аватардың" жалғасы "экологиялық таза" болады

"Аватардың" жалғасы "экологиялық таза" болады

"Аватар" фильмінің авторлары картинаның келесі бөлімі эколгиялық таза болады деп мәлімдеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Аватардың" сиквелдерінің өндірісінде бұдан былай дәстүрлі энергия көздері пайдаланылмайды. Жұмыс процесі қоршаған ортаны қорғау принциптеріне толығымен сай болады.

Картина продюсері Джон Ландаудың айтуынша, ол және фильм режисері Джеймс Кэмерон бірінші фильм жұмыстарында теңдессіз тәжірибе жинақтады. Алынған сабақтар киноның жалғасын түсіру кезінде толығымен ескерілетін болады.

ап

Джеймс Кэмерон

"Аватар" ғылыми-фантастикалық фильмі 2 миллиард доллар шамасында қаржы жинап, әлемдегі ең кассалық фильм атанған еді. Картина тек коммерциялық тұрғыдан сәтті болған жоқ. Ол, сонымен қатар, киносыншылардың сынынан абыроймен өтіп, таңдай қақтырды. Фильм авторы Джеймс Кэмерон "New York Times" газетіне берген сұхбатында Пандора планетасы туралы бұл жоба оның бірінші әрі соңғы режисерлік және продюсерлік жұмысы болатындығын айтты.

Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін Кэмеронның бір уақытта екі немесе үш "Аватар" түсіруді жоспарлап отырғандығын айтқан болатын. Екінші "Аватардың" премьерасы 2015 жылға жоспарлануда.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Массагет мұрағатынан